Ақ үйде өткен кездесуде Ержан Қазыханов АҚШ Президентіне Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау сөзі мен ізгі тілектерін жеткізді. Кездесу аясында Қазақстан Елшісі екі ел арасындағы стратегиялық серіктестіктің барлық бағыттар бойынша, соның ішінде саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, құқықтық және мәдени-гуманитарлық салаларда нығайып келе жатқанын атап өтті. Өз кезегінде Дональд Трамп Қазақстанның тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктерін және еліміздің халықаралық және аймақтық қауіпсіздікпен қамтамасыз етуге қосқан үлесін жоғары бағалады.
АҚШ Президенті қазақстандық-америкалық қарым-қатынастарды кеңейтуге қызығушылық танытты және жақында Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге қолдау білдірді.