• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
07 Мамыр, 2011

Қазақстандық ардагерлермен кездесті

400 рет
көрсетілді

Ресейдегі Қазақстан елшілігінде Жеңіс күні қарсаңында дәстүрлі қабылдау өткізіліп, елші Зауытбек Тұрысбеков Мәскеуде тұратын қазақстандық ардагерлермен, Ұлы Отан соғысына қатысушылармен кездесті. Елші ардагерлерді мерейлі ме­рекемен құттықтап, халықтың қаһармандық ерлігімен, майдангер буынның теңдессіз еңбегімен қол жеткен Ұлы Жеңістің тарихи тағылымына тоқталып, осынау ортақ Жеңіске қазақстандықтар қосқан қомақты үлес жайында кеңінен әңгімеледі. «Аға ұрпақ­тың жауынгерлік ерлігі мен ай­ны­мас отаншылдығы бүгінгі таңдағы өскелең ұрпақтың Отан­ға деген сүйіспеншілігіне ұла­су­да. Сіздер Ресейде тұрсаңыздар да, тәуелсіз Қазақстанда болып жатқан түбегейлі өзгерістерді, еліміздің өркениетті өркендеу өрісін көріп, біліп отырсыздар, Елшілік жанындағы қазақ­стан­дық ардагерлер кеңесінің жұмы­сына белсене қатысып жүр­сіз­дер», деді ол. Қабылдауға қатысып, сөз сөйлеген 96 жастағы Социалистік Еңбек Ері Александр Ежевский, Ұлы Отан соғысына қа­тыс­қан, бүгінде жасы 89-ға жетіп отырған Әкімжан Мұхамед­жанов, сондай-ақ Валентин Месяц, Асқар Тұралин, Валерий Темірбаев, Гүлжәмила Нұрбекова, Қайдар Құмарбеков және басқа да ардагерлер Қазақстан мен Ресей арасындағы сан-салалы жемісті қарым-қатынастардың бү­гін­гі таңдағы даму барысы ту­ралы сүйсіне айтып, ардагерлерге ықыласпен көңіл бөліп отыр­ғаны үшін Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевқа, елшілікке ризашылықтарын білдірді. Қабылдау соңында ардагерлерге ескерткіш сыйлықтар тап­сырылды. Серікқали БАЙМЕНШЕ. Мәскеу.