• RUB:
    5.37
  • USD:
    477.04
  • EUR:
    520.78
Басты сайтқа өту
07 Мамыр, 2011

Заң жобаларының дайындығы қаралды

273 рет
көрсетілді

Кеше Парламент Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамед­жа­новтың жетекшілігімен палата бюросының кезекті отырысы өтті, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі. Палатаның Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемле­кет­тiк реттеу туралы», «Табиғи монополиялар және реттелетін на­рықтар туралы» Заңға түзетулер енгізуді көздейтін заң жобалары депутаттардың талқысына шы­ға­рылатынын хабарлады. Палатаның Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті «Беларусь Республика­сын­дағы, Қазақстан Республика­сын­дағы және Ресей Федерация­сындағы техникалық реттеудің бірыңғай қағидаттары мен қа­ғи­далары туралы келісімді ратификациялау туралы», «Тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда, темір жол көлігінің қызмет­те­рі­не қол жеткізуді реттеу туралы келісімді ратификациялау тура­лы» екі заң жобасы күн тәрті­бі­не енгізуге дайын екенін мә­лім­деді. Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокатура мәселелері бойынша өзге­рістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасымен жұмысты жалғастыру жөнінде шешім қабылданды.