• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
07 Мамыр, 2011

Маршал мектепте болды

441 рет
көрсетілді

Қазақстан елшілігінің ұй­ым­­дастыруымен Кеңес Одағы­ның маршалы, КСРО-ның бұ­рынғы Қорғаныс министрі Дмитрий Язов жақында Мәс­кеудегі  Бауыр­жан Момышұлы атындағы жал­пы білім беретін №  229 орта мектепте болып, оқу­шылармен, ұстаздармен, Зеленоград қаласының басқа да тұрғындарымен кездесті. Пан­филов дивизиясы жауын­гер­лері­нің   Мәскеу түбіндегі  ерліктері жайында  жиі айтып, деректі дүниелер жазып жүр­ген  маршал  Баукең мектебіне бұл жолы  аты аңызға айнал­ған тағы бір панфиловшы – қазақстандық  Ва­силий Клочков сынды саяси жетекшінің  туғанына 100 жыл толуына орай өткізілген іс-ша­раға қа­ты­су үшін  келді. В.Клоч­ков­тың есімі  соғыс жыл­дарын­да «Ресей кең байтақ, бірақ шегінетін жер жоқ, артымызда Мәс­кеу»  деген  сөздері ар­қылы танылғаны белгілі. Мектеп ұстаздары  майдангер маршалға  қазақ баты­ры­ның есімін иеленген білім ұясын­дағы жас ұрпақты пат­риот­тық рухта тәрбиелеу  ба­ғы­тындағы   жұмыстар жай­ын­д­а әңгімеледі. Ал маршал батырға арналған мұражайды аралап көріп, өзінің Бауыр­жан Момышұлын жақсы білетіндігі туралы айтты.  Мұ­ражайға  жаңа кітабын сыйлады. Кездесу барысында Д.Язов 1941 жылғы Мәскеуді қорғау шай­­қастарына кеңінен тоқта­лып, генерал И.Панфилов бас­қарған 316-атқыштар диви­зия­сының қаһармандық жолын,  барша жауынгерлердің, соның ішін­де Бауыржан Момыш­ұлы­ның  ерлік еңбектерін жұрт­шы­лық жүрегіне жеткізе баяндады. Қазір елшілік  Отан со­ғы­сы басталуының 70 жыл­ды­ғына  орай жазылған Дмитрий Язов­тың «Панфиловцы в боях за Родину» деп аталатын естелік кіта­бының жарық көруіне   қолдау көрсетуде. Серікқали БАЙМЕНШЕ. Мәс­кеу