• RUB:
    5.37
  • USD:
    477.04
  • EUR:
    520.78
Басты сайтқа өту
11 Мамыр, 2011

Жұмыла көтерген жүк жеңіл

1198 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстанда орын алған табиғат апатынан зардап шеккен бауырларымызға қол­ұшын созу, жандарына демеу болу  әрбіріміздің азаматтық бо­рышымыз. Осы мақсатта «Нұр Отан» ХДП Президенттік мәдениет орталығындағы бастауыш партия ұйымының жастар қанаты бастама көте­ріп, әріптестерінің бір күндік жалақысын қайырымдылық көмек ретінде арнайы ашыл­ған есеп-шотқа аударуға үн­деді. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, батыстағы бауырларымыздың басына түскен қиындықты бөлісіп, ор­талық қызметкерлері бірауыз­дан бір күндік жалақы есебінен жинақталған 600 мың теңгені көмек қорының есеп-шотына аударды.