• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
14 Мамыр, 2011

Заң жобалары айқындалды

274 рет
көрсетілді

Кеше Парламент Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамед­жа­нов­тың жетекшілігімен палата бюросының кезекті отырысы өтті. Онда Мәжілістің жалпы отырысына шығарылатын мәселелер сараланды, деп хабарланды осы палатаның баспасөз қызметі. Қаржы және бюджет комитеті екі заң жобасы бірінші оқылымға дайын екенін мәлімдеді. Олар, атап айтқанда, кейбір заңна­ма­лық актілеріне салық салу мә­се­лелері бойынша түзетулер енгізуді көздейтін және кейбір заңдарға исламдық қаржыландыруды ұй­ым­дастыруға қатысты заң жо­балары. Сонымен қатар, еліміздің кейбір заңнамалық актілеріне ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл мәселеле­рі бойынша өз­ге­рістер мен толық­ты­рулар енгізу жөніндегі және қыл­мыстық және қылмыстық іс жүргізу заңна­ма­сын жетілдіру үшін бірқатар заң­дарға түзетулер көзделген заң жо­балары да бірінші оқылымға дайын. Бұл заң жобаларын пала­та­ның Заң­на­ма және сот-құқық­тық реформа комитеті ұсынып отыр. Ал Халықаралық істер, қор­ғаныс және қауіпсіздік комитеті Қа­зақ­стан мен Солтүстік Атлант Шарты Ұйы­мы арасындағы Ау­ған­стандағы қауіп­сіздікке жәр­дем­десу халық­ара­лық күштерінің қызметіне қатысу туралы ноталар алмасу ны­са­нын­дағы келісімді бекіту жөнін­дегі, «Үшінші мемлекеттерден келген заңсыз еңбек көші-қонына қар­сы іс-қимыл жөніндегі ынтымақ­тастық тура­лы келісімді ратификациялау ту­ра­лы» және  «Еңбекші-ми­грант­тар мен олардың отбасы мү­ше­­лері­нің құқықтық мәртебесі ту­ра­лы келісімді ратификациялау ту­ра­лы» заң жо­балары депутаттар тал­қы­сына шыға­рылатынын хабарлады. Бюро отырысында Үкіметтен келіп түскен жаңа заң жобаларына қорытынды әзірлеу мәселелері де қаралды.