• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
17 Мамыр, 2011

Қажы атаға құрмет

500 рет
көрсетілді

Осы күндері еліміздің жер-жерінде қазақ халқының даңқты ұлы, атақты балуан Қажымұқан Мұңайтпасұлының туғанына 140 жыл толуына орай түрлі іс-шаралар өтуде. Жақында күш атасы туған Астана іргесіндегі Қажымұқан ауылы мен Көкшетау қаласында әйгілі балуанның құрметіне арналған спорттық-мәдени шаралардың өткені белгілі.

Ал жұма күні осы іс-шараның жалғасы ретінде Астанадағы Қажымұқан атындағы спортта да­рынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернатта балуанның туғанына 140 жыл толуына орай тағы бір танымдық-мәдени кештің өткенінен хабардар еткіміз келеді.

Кеште Туризм және спорт министрлігі Спорт істері жөніндегі комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов, мектеп директоры, Қазақстан Респуб­ликасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, білім беру ісінің үздігі, профессор Серік Төкеев, спорт жазушысы Несіп Жүнісбаев, білікті бапкер, елімізге еңбегі сіңген жаттықтырушы Марат Жақыт, кезінде кинода Қажымұқанның рөлін ойнаған Әуелхан Бекболат сынды азаматтар балуанның спорттағы жетістіктері мен оның тарихта алатын рөліне тоқталып, Қажымұқанның тәрбиелік маңызы зор өмір жолынан сыр шертті.

Сонымен бірге, кеште мектеп тәрбиеленушілері өздерінің спортта ғана емес, ән айту, би билеу, жыр, өлең оқу сияқты өнерлерден де кенде еместіктерін көрсетіп, жиналған жұртшылық алдында осы өнерлерін ортаға салды. Кешке құрметті қонақ ретінде келген жоғарыдағы азаматтар оқушы­лардың өнеріне ризашылығын білдіріп, алғыс­тарын жеткізді. Солардың бірі белгілі қаламгер Несіп Жүнісбаев өзінің жақында шыққан «Бас иемін!» атты кітабын ұсынса, қажымұқантанушы Майра Келібаева балуан атаның қолданған ыдыс­тарының бірін мектеп мұражайына тарту етті.

Арнай ОРМАШ, №17 мектеп-гимназияның 11 «ә» сыныбының оқушысы.

Астана.