• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
17 Мамыр, 2011

Академикке құрмет

333 рет
көрсетілді

Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде жыл сайынғы Ильенков оқуларына орай өткен «Философия және мәдениет» атты ХІІІ халықаралық ғылыми конференцияның ая­сында академик Жабайхан Әбділ­дин атындағы аудиторияның ашылу рәсімі өтті Эвальд Ильенков кеңестік кезеңнің көрнекті философы. Диа­лектикалық дәстүрдің даму этап­та­рын қалыптастырған тұлға. Оның еңбектері әлемдік филосо­фиялық ойдың қазынасына ай­налған. Сөз реті келгенде айта кетелік, 1990 жылы философия ғы­лым­дарының докторы С.Мареев Ильен­ков оқу­ларын өткізу туралы идея тастап, соған орай 1991 жылы Ресейде алғаш рет конференция өткізілген болатын. Содан бері дәстүрге ай­налған жыл сайынғы Ильенков оқулары 1999 жылы халықаралық конференция статусын иемденген. Халықаралық деңгейдегі аталмыш конференция академик Жабайхан Әбділдиннің жетекшілігімен  Қа­зақ­станда тұңғыш рет өткізілді. Бір айта кетер жайт, осы жиын аясында Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ әлеуметтік ғылымдар факультетінде философия ғылым­дары­ның докторы, профессор Жабайхан Әбділдиннің атын­дағы же­ке аудиторияның ашылу сал­танаты өтті. Академик Жабайхан Әбділдин – 100-ден астам ғылыми еңбек­тердің, оның ішінде отыздан аса монографиялардың авторы. Оның еңбектері әлемнің көптеген елдерінде, атап айтқанда Англия, Германия, Украина, Ресей, Франция елдерінде жарық көрген. Ол Қа­зақстан Республикасы Президенті­нің Бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының, сондай-ақ Мемлекетік сыйлықтың лауреаты. Соңғы дизайн үлгісімен салын­ған аудитория іші академик еңбек­терімен жабдықталған. Мұнда Жабайхан Мүбәрәкұлы жайлы ақпа­рат іздеп, еңбек­терімен танысқысы келгендер үшін таптырмас мүм­кіндік барына көз жеткіздік. Онда акаде­мик­тің жас күнінен бергі өмірі то­лық қамтылған. Еңбектері де жетерлік. Әрине, бәсекеге қабі­летті ға­лым мұндай құрметке әбден лайықты. Жұлдыз БАЙДІЛДА.