• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
17 Мамыр, 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 219

297 рет
көрсетілді

2011 жылғы 4 наурыз          № 219            Астана, Үкімет Үйі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 мамырдағы № 787 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Ұлттық басқарушы холдинг, Ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 мамырдағы № 787 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 27-28, 245-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың үлгі ережесінде: 18-тармақта: 58) тармақшадағы «алу.» деген сөз «алу;» деген сөзбен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 59) тармақшамен толықтырылсын: «59) акцияларының елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына тиесілі заңды тұлғалардың акцияларын қор нарығына орналастыру жөніндегі консультациялық қызметтерді сатып алу.». 2. Осы қаулы алғашкы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі   К.МӘСІМОВ