«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының мәліметінше, 23 ақпан сағат 08:30-дағы жағдай бойынша республикалық маңызы бар бірқатар автожолда қозғалыс қалпына келтірілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ақтөбе облысы:
«РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 776-1153 км аралығы (Эко Ойл жанармай құю бекеті – Ырғыз ауылы).
Қостанай облысы:
«Қостанай – Мамлютка» автожолы 250-402 км аралығы (Ұзынкөл ауылы – Тобыл қаласы);
«Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы» автожолы 555-682 км аралығы (Тобыл – Сарыкөл).
Солтүстік Қазақстан облысы:
«Астана – Көкшетау – Петропавл – РФ шекарасы» 496-522 км аралығы(Петропавл – Мамлютка);
«Астана – Атбасар – Жақсы – Қостанай – РФ шекарасы» 729-856 км аралығы;
«Көкшетау – Рузаевка» 61-196 км аралығы;
«Жезқазған – Арқалық – Петропавл» 595-946 км аралығы;
«Қостанай – Мамлютка» 226-406 км аралығы;
Сондай-ақ бірқатар аудандық және облыстық маңызы бар жол учаскелерінде қозғалыс қайта ашылды.
Уақытша жабылған жолдарҚолайсыз ауа райына байланысты кей өңірлерде көлік қозғалысына шектеу енгізілді.
Ұлытау облысы:
«Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолы 759-788 км аралығы (Жаңаарқа – Қарағанды облысының шекарасы).
Ақмола облысы:
«Астана – Қорғалжын» 19-124 км аралығы;
«Көкшетау – Атбасар» 47-184 км аралығы;
«Астана – Қабанбай батыр – Нұра – Теміртау» 35-51 км аралығы;
«Астана – Қарағанды – Алматы» 30-92 км аралығы жабық тұр.
Қарағанды облысы:
«Астана – Қарағанды – Алматы» 92-164 км аралығы;
«Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» 788-906 км аралығы;
«Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай – Боғаc» 17-217 км аралығы;
«Астана – Қабанбай батыр – Нұра – Теміртау» 51-266 км аралығы;
«Астана – Қарағанды – Алматы» 248-359 км аралығы;
«Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» 970-1135 км аралығы жабық.
Абай және Батыс Қазақстан облыстарында 20-дан астам жолаушы қар құрсауынан құтқарылдыПавлодар облысы:
«Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» 1135-1206 км аралығы;
«Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» 200-415 км аралығының бірнеше учаскесі;
«Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ботақара» 0-137 км аралығы;
«Қалқаман» жол айрығында жол өткелінің зақымдануына байланысты қозғалыс шектелді.
Қосымша шектеулерШығыс Қазақстан облысындағы Осинов асуында (46-66 км) 2024-2025 жылғы қыс мезгілінде ауыр жүк көліктеріне (тіркемелі және жартылай тіркемелі) қозғалысқа шектеу қойылған.
Сонымен қатар, 16 облыста және Астана, Алматы, Шымкент қалаларында дауылды ескерту жарияланды.
Бір апта ішінде 100-ге жуық адам қар құрсауынан құтқарылды