Ресей Ғылым академиясының академигі Геннадий Онищенко Ормұз бұғазының бұғатталуы дәрі-дәрмек бағасының қымбаттауына әкелуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оның айтуынша, қазіргі жағдай көптеген өңірлерде дәрі-дәрмек жеткізілімінің бұзылуына себеп болып отыр. Себебі соғыс басталғаннан кейін логистикалық тізбектер үзіліп, жеткізу жүйесі тұрақсыз күйге түскен.
«Бұл жағдай бағаның өсуіне әкеледі, ал кейбір аймақтарда дәрі-дәрмек тапшылығы сезіле бастады. Дегенмен, бұл уақытша қиындық, жағдай біртіндеп қалпына келеді. Жеткізудің жаңа жолдары мен схемалары әзірленеді», деді ол.
Иран Ормұз бұғазын қайта жапты
Сондай-ақ, ол Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен тасымалдау үшін балама ретінде Беринг бұғазы арқылы өтетін солтүстік бағытты ұсынды.