• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
17 Мамыр, 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №227

380 рет
көрсетілді

2011 жылғы 4 наурыз                №227                  Астана, Үкімет Үйі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 тамыздағы № 918 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Қаржыландыру көздеріне қарамастан құрылысқа арналған жобалау алдындағы (техника-экономикалық негіздемелер) және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға сараптама жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялар есебінен салынып жатқан жобаларды бекіту ережесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 тамыздағы № 918 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 27, 304-құжат) мынадай өзгеріспен толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қаржыландыру көздеріне қарамастан, құрылысқа арналған жобалау алдындағы (техника-экономикалық негіздемелер) және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына сараптама жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялар есебінен салынып жатқан жобаларды бекіту ережесінде: «Мемлекеттік инвестициялар есебінен салынып жатқан жобаларды бекіту» деген 2-бөлімде: «Бекіту тәртібі» деген 2-кіші бөлімнің 32-тармағындағы «750000 (жеті жүз елу мың)» деген сандар мен сөздер «1300000 (бір миллион үш жүз мың)» деген сандармен және сөздермен ауыстырылсын; «Жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын түзетудің және оларды қайтадан бекітудің (қайта бекітудің) ерекшеліктері» деген 3-кіші бөлім мынадай мазмұндағы 47-тармақпен толықтырылсын: «47. Құрылыс мерзімі үш жылдан астам және «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 тамыздағы № 918 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 қыркүйектегі № 791 қаулысы қолданысқа енгізілгенге дейін іске асырылатын жылу-энергетика кешенінің техникалық жағынан күрделі объектілерін жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын түзету кезінде шығындар тәуелсіз техникалық аудит растаған орындалған жұмыстардың актілеріне сәйкес ескеріледі.». 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі   К.МӘСІМОВ.