• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
18 Мамыр, 2011

Жанкүйерлерге қолдау

474 рет
көрсетілді

Beeline компаниясы Қазақстан Теннис федерациясының Буэнос-Айрес қаласында Аргентина мен Қазақстан құрама командаларының арасында өтетін Дэвис Кубогының  ширек финалдық матчын тамашалау үшін отандық жанкүйерлер командасын жасақтауға қолдау көрсетуде. Осыған байланысты Beeline компаниясы мен Теннис фе­де­рациясы ұялы байланыс опе­ра­торы мен БАҚ өкілдері ар­а­сын­да 7-9 шілде күндері Буэ­нос-Айресте өтетін матчты тамашалау үшін конкурстың жария­лан­ғанын хабарлайды. Жақында Алматыда осы мәселеге орай өт­кен баспасөз мәслихатында «КаР-Тел» ЖШС бас директоры Анатолий Попов, Қазақстан Тен­нис федерациясының вице-президенті Әділ Бөрлібаев пен еліміздің ерлер ұлттық құрама­сының капитаны Егор Шалдунов  Beeline абоненттері мен ақ­парат құралдары арасында өте­тін конкурс туралы кеңірек мә­лі­мет берді. «Бұл акция аясында мамыр айында екі байқау өтеді, – деді «КаР-Тел» ЖШС бас директоры Анатолий Попов. – Оның бірі теннис туралы ең үз­дік дүние дайындаған БАҚ ре­дакциялары мен журналистері арасында өтсе, екіншісі, Beeline абоненттері арасында өтетін «Барлығы теннис туралы» атты смс конкурсы». Оның айтуын­ша, бұл байқауда ұялы байла­ныс операторының тұтынушы­лары Beeline және Қазақстан Тен­нис федерациясының сайт­та­рында демалыс күндерді есептемегенде күн сайын теннис туралы қойылатын сұрақтарға дұрыс жауап берулері керек. Осы екі конкурстың жеңімпаз­дарына Beeline компаниясы 7-9 шілде күндері Буэнос-Айрес қа­ласында Аргентина мен Қазақ­стан құрамалары арасында Дэвис Кубогының ширек финалдық матчын тамашалау үшін тегін билеттер тапсырады. Теннис федерациясының вице-президенті Әділ Бөрлібаев болса, жиында мұхиттың арғы жа­ғында өтетін матчтың Қазақ­стан спорты үшін мәні және ма­ңызы жағынан үлкен тарихи оқи­ға екенін, осыған байланысты Қа­зақстан Теннис федерациясы ұлт­тық құраманың Дэвис Кубогын­дағы жеңістеріне қолдау көрсету үшін отандық компанияларға осын­­дай түрлі маркетинг және жарнамалық жолдармен жан­кү­йер­лерді жарыс алаңдарына жинау керектігін айтып, Beeline ком­паниясының осы бастамасы үшін алғысын жеткізді. БАҚ арасында өтетін байқау жекелеген және командалық түрі бойынша екі номинацияға бөлініп өткізіледі. Жекелеген номинацияда мерзімді баспасөзде және телеэфирде 2011 жылдың 5-27 мамыр күндері шыққан ең үздік материалдардың екі авторы же­ңім­паз болып танылады. Коман­да­лық номинацияда БАҚ арасын­да екі редакция таңдап алынады. Мұнда 2010 жылдың желтоқсан айынан бастап, 2011 жылдың 27 мамыр күніне дейін отандық ақ­парат құралдарында теннис ту­ра­лы ең көп жазған ұжым жеңімпаз атанады. Байқауға мерзімді баспа­сөзде және телевизиялық сюжеттерде шыққан материал­дар­дың көшір­месі мен дискілері «КаР-Тел» ЖШС-ның баспасөз-қызметіне жіберілуі керек. Кон­курсқа редакциялар ұжым ретінде және журналистер өз беттерінше қа­тыса алады. Сонымен бірге оған мультимедиа, онлайн-журналистика, фотожурналистика жіберіледі. Конкурстың қорытынды­сын­да Beeline компаниясы төрт жеңімпазға Аргентинада өтетін Дэвис Кубогының ширек фи­нал­д­ық матчына тегін билеттер тапсырады. Оның қорытын­ды­сы 2011 жылдың 29 мамыр күні жарияланады. Beeline абоненттері арасын­да өтетін «Эйс Аргентинаға жол­дама!» смс-конкурсына келсек, ұялы байланыс операторы­ның баспасөз-қызметі оның ережелерін әлеуметтік желілер мен БАҚ-тарда жариялайды. 2011 жыл­­­дың 5-27 мамыр күн­де­рі демалыс күндерді есептемегенде күн сайын www.beeline.kz пен www.ktf.kz сайттарда, ком­па­ния­ның  Facebook, Vkontakte жә­не twitter әлеуметтік желілеріндегі ресми топтарында теннис ту­ра­лы екі сұрақ қойылады. Оның жауап­тары күн сайын сағат 00.00-ге дейін қабылданады. Конкурстың қорытындысында 34 сұраққа ең көп жауап берген бір абонент Дэвис Кубогының ширек финал­дық кездесуін тамашалау үшін тегін билетке ие болады. Сонымен бірге тағы бес белсенді қатысу­шыға Beeline компаниясы USB мо­демдерін сыйлық ретінде та­быс етеді. Сұрақтарға смс жауап­тары 925 қысқаша нөмі­ріне жіберіледі. Бір смс хабар­дың  бағасы – 15 теңге. Дастан КЕНЖАЛИН.