• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
18 Мамыр, 2011

Бірқатар аудандардың әкімдері ауысты

358 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысы­ның әкімі Бердібек Сапарбаев өз өкімімен бірқатар қалалар мен аудандар әкімдерін ауыс­тырды. Тарбағатай ауданы әкі­мі қыз­метін атқарып, өткен жылғы су тасқынын жоюдағы қажыр­лы еңбегі үшін «Құр­мет» орденімен марапат­талған Манарбек Сапарғалиев енді экономикасы өрлеген Риддер қаласын бас­қар­мақ. Ал Тар­бағатай ауданы­ның әкімі бо­лып бұған дейін облыстық құрылыс басқармасы қызме­тінде ысылған, осы жер­дің тумасы Ерлан Текешев та­ғайындалды. Өңір басшысы еке-уін мәслихат депутатта­рының алдында таныс­тырған кезде жаңа кадрлардың іскерлік қасиет­теріне тоқталып, оларға жаңа міндеттер жүктеді. Ұзақ жылдар Семей қа­ласы әкімінің орынбасары бол­ған Тұр­сынғазы Мү­сә­пірбеков Абай ауданының, Катон­қарағай ауданы әкімінің орынбасары бол­ған Қалихан Байғонысов Бесқарағай ауда­нының, Григорий Акулов Бородулиха, ал Аман­гелді Тоқ­таров Шемонаиха ауданының әкімі болып та­ғайындалды. Сондай-ақ Семей қаласы әкімінің орынбасары қызме­тінде болған Серікқазы Оразалиев облыстық қаржы бас­қармасының бастығы қыз­ме­тін атқарады. Оңдасын ЕЛУБАЙ, Шығыс Қазақстан облысы.