• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
18 Мамыр, 2011

Кеше...

320 рет
көрсетілді

...әкім ауылдарды аралады Атырау облысының әкімі Бергей Рысқалиев Құрманғазы ауда­ны­ның орталығынан 300 шақы­рым­дай қашықтағы Азғыр, Сүй­ін­дік ауылдарын аралады. Алыс­та­ғы бұл ауылдарда түйіні тар­қа­тылуы қиын мәселелер жетерлік. Соның бірі – аудан орталығынан қатынайтын жолдың нашарлығы. Әсіресе, жазда жолды құм, ал қыста қалың қар басып қалады. Екіншіден, ауыз су жайы да қи­найды. Үшіншіден, электр энер­гия­сын Ресейден алатындықтан, көрші елге тәуелділік те бай­қа­лады. Төртіншіден, шалғайдағы бұл ауылдар тұрғындары табиғи газ желісі тартылғанын да қа­лай­ды. Байланыс пен медициналық қызмет сапасының жақсарғаны тұр­ғындар үшін аса маңыз­ды­лы­ғын жоймайды. Шалғай ауылдардағы тұрғын­дар­ды мазалаған осындай мәсе­ле­лерге байланысты облыс әкімі Б.Рысқалиев қажетті шаралардың алынатынын жеткізді. Оның ай­ту­ынша, биыл Азғыр өңіріне қа­тынайтын жолды құм, қар басу секілді кедергінің алдын алуға 20 миллион теңге бөлініп отыр. Жол тазалайтын арнаулы техника да бөлінбек. Телефон байланысын жақ­сарту мақсатында талшықты желі тартуға қаржы қарасты­рыл­мақ. Сондай-ақ сырқаттанған тұр­ғындардарды аудан, облыс ор­талықтарындағы емдеу орын­да­ры­на шұғыл жеткізуге санитар­лық авиацияны пайдалануды тиісті сала басшыларына тапсырды. Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, Атырау облысы. ...белгілі қаламгерге көше аты берілді Белгілі қаламгер, қоғам қай­рат­кері Камал Смайыловтың есімі мен еңбек жолы, әсіресе Жез­қаз­ған өңірі жұртшылығына аса ыстық. Ұлытау ауданындағы Сар­лық ауылы түлегінің халқы­мыз­дың асыл перзентінің бірі екендігін мақтаныш тұтады. Ел үшін үлкен еңбек сіңірген ірі қаламгердің әрі қайраткердің есімі бұдан былай Жезқазған қаласы көрікті көшелерінің бірінде жарқырап тұратын болды. Бұл жезқазғандықтар мен ұлытаулық­тардың тілегі еді. Айқын НЕСІПБАЙ, Жезқазған. ...жылжымалы емхана ауылға келді Бұл Баянауыл, Ақтоғай, Май, Ертіс, Лебяжі аудандарының шал­ғай­дағы ауылдарында тұратын екі күннің бірінде облыс орта­лы­ғына келіп дәрігерлерге қарала ал­майтын тұрғындар үшін об­лыс­тық денсаулық сақтау бас­қар­масы тарапынан жасалған тиімді көмек болып отыр. Өткен жылы дәрігерлер об­лыс­тың барлық аудандарын аралап, 10 мыңнан астам ауыл адам­да­рын қарап, ауырып жүрген 2,3 мың тұрғынды анықтаған еді. Яғни, жылжымалы емхананың флю­­о­рографиялық, стомато­ло­гия­­лық құрылғылары бар арнайы кешені арқылы ауылдардың 27 мыңға жуық тұрғыны тексерістен өткізіліп, емделді. Ал биылғы жыл­дың сәуір айынан бастап мам­мографиялық кешен де ауыл­дар­ды аралап, әйелдер денсаулы­ғын назарға алуда. Осындай құ­рылғылары бар жылжымалы ем­ха­налық кешен Лебяжі ауданы­ның ауылдарын аралады. Дәрі­гер­лер ауыл тұрғындарына бір күн ғана емес, алдағы уақытта да осылай келіп-кетіп тұратын болады. Фарида БЫҚАЙ, Павлодар облысы.