• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
18 Мамыр, 2011

Әріптестік нығая түспек

374 рет
көрсетілді

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің қатысуымен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин мен Еуропа қайта құру және даму банкінің президенті Томас Миров қуат үнемдеу саласындағы өзара әріптестік туралы мемо­ран­думға қол қойды. Аталмыш құжат ұлттық тасымал­даушы­ның қуат үнемдеу және жанар-жағармайды аз тұтыну арқылы ауаға көміртегі қалдықтарын аз шығару арқылы экологиялық тұрақтылықты сақтау жөнінде ұзақ мерзімді әріптестікті жалғастыруға арналды. Тараптар инвестициялық бағ­дар­ламаны 100-200 млн. АҚШ дол­лары көлеміндегі қаржымен қамтудың жолдарын қарас­тыр­мақ. Негізінен инвестиция жыл­жы­малы құрамның жанар-жағар­май шығынын автоматты есептеу жүйесін жасау мен өзге де қуат көздерін іздестіруге арналған. Бұ­ған  қоса олар ҚТЖ қуат үнем­деу мен экологиялық талаптарды сақтау мәселесіне қатысты ди­рек­тивалық-нормативтік құжат­тарды жасап, қолдану бағытында да әріптестік қарым-қатынас ор­нат­пақ. Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК.   ҚТЖ-ның қуат үнемдеу ин­вес­тициялық бағдарламасы би­ыл­ғы жылдың аяғына дейін тү­зілмек. Соңғы бірнеше жылдан бері ЕҚДБ «Қазақстан темір жо­лы» ҰК» АҚ-пен темір жол ин­фрақұрылымын ұлғайтуға құны 350 млн. АҚШ долларын құрай­тын келісім-шарт жасасқан.