• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
20 Мамыр, 2011

Екіжақты ықпалдастыққа ұмтылыс бар

366 рет
көрсетілді

Жақында Венадағы Хофбург сарайында Қазақстан Рес­пуб­ликасының Төтенше және өкілетті елшісі Қайрат Әбдірах­ма­нов Австрия Республикасының Федералдық Президенті Хайнц Фишерге Сенім грамотасын тапсырды. Австрия басшысымен болған әңгіме кезінде екіжақты қатынас­тардың әртарапты дамуының қа­зіргі күйі мен келешегі тал­қы­ланды. Елші Қазақстан тәуел­сіз­дігінің 20 жылдығына орай­лас­ты­рып, еліміздің жетістіктері ту­ралы баяндап берді, сондай-ақ, Президент Нұрсұлтан Назар­баев­тың жыл сайынғы халыққа Жол­дауында және Үкіметтің бағдар­ла­малық құжаттарында айқын­дал­ған мемлекет дамуының басымдықтарынан хабардар етті. Х.Фишер Президент Нұрсұл­тан Назарбаевтың шақыруымен жасаған Қазақстанға тұңғыш ресми сапарын және ЕҚЫҰ-ның Астанада өткен мемлекет және үкімет басшыларының тарихи саммитіне қатысуын жылы лебізбен еске алды. Қазіргі ке­зеңде жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды жү­зеге асыру айрықша маңызға ие болуда, әсіресе экономикалық, индус­триялық-инновациялық және мәдени-гуманитарлық ба­ғыт­тарда, деді Австрия Президенті. 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға әділетті төрағалығын қамтамасыз ету үшін Қазақстанның бар күш-жігерін салғаны атап өтілді. Осы орайда Астанада қабылданған Ұйым Саммитінің Декларациясы ЕҚЫҰ аумағында өзара іс-қимыл үшін орасан маңызға ие. Талғат ЖҰМАҒҰЛОВ, «Егемен Қазақстан» – Венадан.