Мемлекет басшысының Жолдауында саламатты өмір салтын насихаттау қажеттігі атап көрсетілгені белгілі. Осыны басшылыққа алған өңір жұртшылығы арасындағы спорттық жарыстар ұйым, мекемелер арасында жалғасын тауып келеді.
Талдықорғандағы «Жастар» спорт сарайында өткен спартакиадаға барлық аудандар мен қалалардан мемлекеттік қызметкерлер қатысты. Командалар спорттың 6 түрінен – президенттік көпсайыс, кіші футбол, бильярд, волейбол, үстел теннисі мен тоғызқұмалақтан шеберлік байқасты. Алғашқыда облыс және Талдықорған қаласы әкімдігінің командалары кіші футболдан жақсы ойын өрнегін көрсетті. Билік басындағылардың арасында өткен тартыста басшыдан бастап, қатардағылары шабуылды жиілетіп, оңтайлы сәттерді пайдалануға күш салды. Ақ тер, көк тер болған мемлекеттік қызметкерлердің өз командалары үшін ептілік танытуға талпынғанын сырттай бақылаған жанкүйерлер де қиқулап жатты.
Мәселе, қай команданың жеңгенінде емес, спорттық киіммен алаңға шығып, аяқ доппен алысудың өзі жастарға үлгі болатынын айтқан жөн. Өзге де спорт түрлерінен жеңіске жеткендер еңбегі ескерілді.
Күмісжан БАЙЖАН.
Алматы облысы.