• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
04 Маусым, 2011

Ақтаңдақтар санадан өшпейді

535 рет
көрсетілді

Парламент Мәжілісінде «Нұр Отан» ХДП фракциясы жанындағы Әлеуметтік кеңес төрайымы, Мәжіліс депутаты Айткүл Самақова 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбан­дарын еске алу күніне орай Астанадағы Балалар үйінің бір топ оқушыларын Ақмол ауылында орналасқан «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне тағзым етуге алып барды. Олар алдымен Кеңес Одағын­дағы мыңдаған жеке адамдар ға­на емес, түгелдей халықтар тағ­дырын қиған тоталитарлық тәр­тіп құрбандарын бір минут үнсіз еске алып, 7000 адамның аты-жөні жазылған еске алу қабыр­ға­сына гүл шоқтарын қойды. Содан кейін балалар «Қақаған суық «АЛЖИР» деректі фильмін көріп, «Құпия сандық сыр шертеді», «ГУЛАГ балалары» деп атал­ған көрмелерді қарады. Көрме негізі мұражай қызметкерлерінің ғылыми экспедициялары кезінде Орынбор, Мәскеу, Омбы, Ал­ма­ты, Ташкент, Қызылорда қала­ла­ры­нан жиналған. «АЛЖИР» лагері тұтқындарының тағдыры та­қырыбын ашатын фотоқұжаттар, хаттар және олардың жеке зат­та­ры қойылған. КСРО-да талайдың өмі­рін тозаққа айналдырған 953 лагерь болса, соның үшеуі еліміз ау­ма­ғында құрылды. Осындағы аты­нан адам шошырлық «АЛЖИР» ла­гері КСРО-дағы әйелдер қамал­ған жалғыз азаптау орны болды. – Мемлекет тарихтың ақтаң­дақ беттері халық санасынан ұмы­тылып кетпеуі үшін, жас­тар­дың бойында Отанға, ұлтқа деген ұлан-ғайыр сүйіспеншілік сезімі қалыптасуы үшін бәрін жасап жатыр. Бүгінгі сендермен бірге тоталитарлық тәртіп құрбан­да­рын еске алып жатқанымыз со­ның бір көрінісі, – деді балалармен болған әңгімеде Айткүл Самақова. Сәуле ДОСЖАНОВА, журналист Суреттерді түсірген Сайлыбай МАЙЛЫБАЕВ.