• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
04 Маусым, 2011

Отансүйгіштік бастауы

554 рет
көрсетілді

Жаңа негізі қаланған мем­ле­кеттердің қай-қайсының да ал­ғаш­қы маңызды ресми қадам­да­ры­ның бірі – елдің мемлекеттік рәміздерін, яғни  туын, елтаң­ба­сын және әнұранын белгілеу. Өйт­кені, бұл рәміздер саяси тәуел­­сіздік пен мемлекеттік егемендіктің бірегей белгілері болып саналады. – Мемлекеттік рәміздер – қандай да бір елдің өмір салтын, бүкіл болмысын, ерекшелігін, айрықша арман-аңсарын, басқа­лар­мен байланыс мұратын білдіретін белгі. Жаңа тарихымыздағы ерекше оң таңбалы оқиғалардың бірі – Қазақстан Республикасының Ме­м­лекеттік рәміздері күнінің белгіленуі. Елбасы Жарлығымен 4 маусым күні мемлекеттік ма­ңы­зы бар айтулы мерекелі күн­дер қатарына қосылды. Бұл – мем­лекеттік рәміздерге деген шынайы құрметтің белгісі, олар­дың қо­ғам өмірінде алатын ай­рықша ор­нына орай көрсетілген мемлекеттік қолдау ғана емес, соны­мен бірге, тарихи сана­мызда тәуелсіздік идеясын ор­нықтыру және жастарды биік отан­шыл­дық сезімге баулу мұ­раттарын жан-жақты ескере оты­рып, жа­салған ерекше елжан­дылық қадам. Ел тірегі – елжанды ұрпақ. Мем­лекеттік рәміздерге деген құр­мет – отаншылдық сезімнің аса бір жарқын көріністерінің бірі. Ал ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне 19 жыл толу қарсаңында оларды еліміздің қоғамдық-саяси өмірінің маңызды бөлігіне айналды деп сеніммен айта аламыз. Манарбек СӘДУОВ, Астана қаласы Есіл ауданының прокуроры.