• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
04 Маусым, 2011

Рухани үш тіректің мерекесі

373 рет
көрсетілді

Қостанайда кеше ақ жауын құйып тұрды. Бұл астықты өңір­дегі диқандардың көптен күткен үміті еді. Респуб­ли­ка­лық ІV патриоттар форумы­ның басталуы да табиғаттың осындай сыйына тура келді. Қазақстан Республикасы гер­бінің автор­лары Шота Уә­лиханов пен Жандарбек Мәлі­беков Мемлекеттік рәміздер күніне орай­лас­тырылған фо­рум­­ның басты қонақтары бол­ды. «Қазақстан алға, биікке самға!» «Менің Отаным – Қа­зақстан!» деп ұрандатып тұр­ған жастардың алдында атақ­ты сәулетші Шота Уәлиханов сөз сөйледі. – Мен қуаныштан толқып тұр­мын. Ахмет Байтұр­сы­нов­тың ескерткішін танымал мү­сін­ші, мар­құм Төлеген Дос­ма­ғанбетов екеуміз жасаған едік. Бұл Қазақ­стан­дағы өте сәтті шыққан өнер ту­ын­дыларының бірі. Қазақ­стан­ның, қазақ хал­қы­ның тәуелсіздігі үшін аса қажырлы жігер жұм­са­ған тұл­ғаның бірі – Ахмет Бай­тұр­сынов. Жастар, Ахаң идея­ларына адал болыңдар! Сендер де еліміз үшін осы Ахаң сияқ­ты азаматтық іс тынды­рың­дар, қо­ғамға қайрат­кер­лікпен еңбек сі­ңіріңдер! – деді Шота ағамыз. Мұнан кейін форум деле­гат­та­ры Жеңіс паркіндегі мәң­гілік отқа, 30-шы жылдардағы саяси қуғын-сүргін құр­бан­да­рына, Ұлы Отан соғысында қаза тапқандар және ядролық сынақтан зардап шеккендерге арнап қойылған обе­лискілерге гүл шоқтарын қой­ды. Соғыс кезінде Қостанайға кө­шірілген госпитальда көз жұмған сол­дат­тарға, осы облыс орта­лы­ғы­­нан шыққан батырларға қой­­ыл­ған белгілерді аралап, Жасыл желекке, гүлзарға оран­ған паркті тамашалады. №1 балалар мен жасөс­пі­рім­дер мектебінде Қазақстан спор­тының жарқын өкілі мар­құм Бекзат Саттархановтың ата-анасы Сей­ілхан және Сыр­лыкүл Саттархановтармен кездесу бол­ды. Спорт сиқыры арбаған қай спорт­шы Бекзатты өзіне идеал тұт­пайды дейсіз?!. Ал Бекзат бокс­тағы алғашқы жеңіс жолын Қос­та­найда жас­өспірімдер ара­сында өткен рес­публика чемпио­на­ты­нан бас­таған екен. Осы жарыста он алты жасар Бекзат туған жері Түркістанға Қос­танайдан чемпион болып ора­лыпты. Сейілхан ағаның осын­дай деректерден бас­талған әңгімесі жас спортшы­ларға өте танымды әсер етті. Форум делегаттарының көр­­кем­сурет галереясынан, облыс­тық тарихи-өлкетану, Ы.Ал­тын­сариннің мемориалдық музейлерінен алған әсерлері мол болды. Тарихи-өлкетану музейінде «Қос­танай жастары Алтын кітабы­ның» тұсаукесері өтті. Бұл тек Қостанайда қанат қаққан жоба. Тобыл-Торғай өңі­ріндегі оқу­да, өнерде, ең­бекте, қоғам­дық өмірде үздік жастардың есі­мі осы «Ал­тын кітапқа» ал­тын әріппен жа­зы­лады. Олар­дың саны бүгінде жүзден асып кетті. Жақсыны көрмек үшін. Еліміз экономикасының тіректері­нің бірі, кен алыбы – «Соколов-Сары­бай кен өндіру бірлестігі» акционерлік қоғамының карьері де сол күні форум қонақтарын қабыл­дады. Биіктен қарағанда ала­қан­дағыдай көрініп жатқан кеніште жапониялық алып техникалар алыс­тан құмырсқадай қыбырлап көрінеді. Мұнда ең­бек ететін жас­тар осы шетелдік техника­лар­ды ұршықтай үйі­ре­ді. Адам қо­лымен жасалған сол алыпқа қа­рап тұрып, қандай жастың Отан­ға, елге, туған жерге деген сүйіс­пеншілік сезімі жүрегін та­сыт­пайды! Дегенмен, басты байлық біз­дің бірлігімізде. Мемле­кеті­міз­дің көк зеңгір кеңістіктей көк туы, елтаң­басы, әнұраны ошақ­тың үш бұты сияқты үш рухани тірегіміз екенін форумға қатыс­қан әр жас жүрекпен сезінді. Сондықтан тек форум делегат­тары ғана емес, әр қа­зақстандық оларға деген өзінің құрметін аялай білсе болғаны. Респуб­ли­калық ІV патриоттар фо­­румының алғашқы күні мол әсерімен есте қалары анық. Алтай мен Атырау, Арқа мен Сыр, Алатау арасынан келген жастар Тобыл өңірінің тамылжыған та­би­ғатын да, байлығын да ж­а­қы­нырақ білді, тағылымды та­рихына тереңірек үңілді. Адам­дарының пейіліне мәз болды. Таныған сай­ын олардың байтақ еліміздің бір пұшпағы Қос­танайға деген құр­мет сезімі оянары хақ. Жақсы көр­генін, құрметтегенін ешкім жа­ман­дыққа қимайды, қор­ғай­ды. Форум делегаттарының бірі мұны патриотизм деп тү­сіндірді. Форум бүгін жалғасады. Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА, Қостанай.