Шығыс Қазақстан облыстық ғылыми-тәжірибелік «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен оқушылардың Қанипа Бітібаева атындағы аймақтық олимпиадасы осымен 8-ші рет өтіп отыр.
Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерейтойына арналған олимпиадаға Астана, Алматы, Павлодар, Қарағанды қалаларынан келген 120 оқушы қатысты. Олимпиада тұсында ұстаз республикалық ғылыми-әдістемелік зертханасында «Оқушыларды олимпиадаға, ғылыми-зерттеу жұмысына баулу» тақырыбында шеберлік класын өткізді. Оған 50-ге жуық ұстаз қатысты. Биылғы жылдың өзінде еңбекқор ұстаздың алдынан 300-дей мұғалім дәріс тыңдап, білімдері мен тәжірибелерін жетілдіргенін де айта кеткен жөн.
Олимпиада қорытындысында бас жүлдені Астана қаласындағы №38 мектеп-лицейінің оқушысы Ерденбек Еркеғали жеңіп алды.
Айымгүл СЕЙПУТАНОВА, филология ғылымдарының кандидаты.
Өскемен.