«Қазкоммерцбанк» АҚ-тың «Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы құрметіне – 20 игі іс» атты бастамасы Қызылжар өңірінде де қолдау тапты. Петропавл қаласының әкімдігі мен республикалық «Құс жолы» қайырымдылық қорының бірлесуімен қазақ классикалық гимназиясы жанындағы Жамбыл бабамыз атындағы алаңға шырша ағаштары отырғызылды.
Игілікті шара облыс орталығын көркейтіп, гүлдендіруге арналған жобаға қосылған үлес болып табылады.
Өмір ЕСҚАЛИ, Петропавл.