• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
07 Маусым, 2011

Ағартушы ғалымға тағзым

741 рет
көрсетілді

«Арсенал» кинотеатрында Астана қаласы Тілдерді дамы­ту басқармасы мен қалалық №25 орта мектебінің ұйымдас­ты­руы­мен тұңғыш педагог-ағар­ту­шы Ыбы­рай Алтын­са­рин­нің 170 жылды­ғына орай әде­би шы­ғар­машылық кеш өтті. Кештің мақсаты – Ыбырай Алтынсариннің шығармашы­лы­­ғын, оқу-білім, тәрбие сала­сын­да­ғы қызметі мен халқына жаса­ған өшпес еңбегін оқу­шы­лар мен халық арасында насихаттау десек, шараға Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының бас­тығы Ораз­күл Асанғазы, «Ыбырай Ал­тын­сарин» қоғам­дық қорының төрайымы Тана Әуелбекқызы, сондай-ақ зиялы қауым өкіл­дері, Ыбырай Алтын­сарин кө­ше­сінің тұрғындары жә­не мектеп мұға­лімдері мен оқу­шылары қатысты. Ыбырай Алтынсарин – қазақ­тың тұңғыш ағартушы ғалымы. Балаларға ана тілін үйрету а­р­қылы халықтың бай тілі мен өне­рін мең­геріп, өнер-білімге баулы­ған ұстаз. Әдеби шығармашылық кеш ағар­ту­шы ғалым жайлы мағ­лұмат­тар­ды кең ауқымда қамты­ған екен. Соған орай жұртшы­лыққа  өмірі мен шығармашы­лы­ғы кеңінен та­ныс­тырылды. Мектеп оқушылары қойған «Дала шам­­шырағы» атты қойылым Ыбы­­рай Алтынсарин өмірінен сыр шертіп, алғашқы ашқан мектебін бейнеледі. Сол кезеңдегі Кеңес өкіметінен көрген қы­сым­ды да дәл жеткізе білді. Әдеби шығармашылық кеш барысында сөз алған Несіпбек Айтұлы: «Ыбырай атамыз – ал­ғаш қазақ тілінде оқулық жазған ұстаз. Сондай-ақ, ол балалар әде­биетінің негізін қалаушы. Жаңа үлгідегі мектептер ашу ісімен шұ­ғылданған ғалым қазақ қыз­дарын оқыту ісіне ерекше көңіл бөлгені тағы бар. 1888 жылы Ырғызда қыздар мектебін ұйым­дас­тыруы – ұлы ағартушы­ның бұл тұрғыда жасаған үлкен еңбегі болып табылады», – деп, ағартушы жайлы ақпарларды одан әрі толықтыра түсті. Кеш соңында тіл жанашыры Оразкүл Асанғазықызы Ыбы­рай Ал­тынсарин көшесін­де көп жыл­дар­дан бері тұрып жатқан тұр­ғындар мен көп балалы аналарға құрмет білдіріп, сый-сияпат жасады. Жұлдыз БАЙДІЛДА.