Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 13 мамырдағы № 80 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы 2010 жылғы есеп бекітілді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты 2010 жылғы 31 желтоқсанға 5 704 444 289 мың теңгені құрады (5 098 527 845 мың теңге аудиттелген қаржылық есептілікке сәйкес есептеу тәсілімен).
2010 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына 2 407 723 392 мың теңге түсті, оның ішінде мұнай секторы ұйымдарынан түскен тікелей салықтардың түсімдері есебінен (жергілікті бюджеттерге есепке алынатын салықтарды қоспағанда) – 2 256 345 640 мың теңге, оның 1 046 873 819 мың теңгесі (7 106 300 мың АҚШ долларына барабар) кезекті айырбастау/қайта айырбастау операциясын дәл сол күні жүргізу жолымен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының тиісті шотына теңгемен есепке алынған шетелдік валютадағы түсімдер болып табылады, мұнай секторы ұйымдары жүзеге асыратын операциялардан түсетін басқа да түсімдер (жергілікті бюджеттерге есептелетін түсімдерді қоспағанда) – 16 678 239 мың теңге, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер – 525 872 мың теңге, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудан түскен инвестициялық кірістер – 134 173 641 мың теңге.
Ұлттық қорды басқаруға байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының шотынан есепті кезеңде жалпы сомасы 3 982 229 мың теңгеге шығыстар жүргізілді.
«Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2010-2012 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферті туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 8 сәуірдегі Заңына сәйкес 2010 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке ағымдағы бюджеттік бағдарламаларды және бюджеттік даму бағдарламаларының шығыстарын жабуға кепілдендірілген трансферт түрінде жоспарланған
1 200 000 000 мың теңгенің 1 200 000 000 мың теңгесі аударылды, бұл жоспардың 100 %-ын құрайды.
Ұлттық қордың басқаруға байланысты қызметтің транспаренттілігін қамтамасыз ету мақсатында аудиттің халықаралық стандарттарына сәйкес 2010 жылға аудиторлық тексеру жүргізілді.
Баптың атауы
2010 жылы
2009 жылы
Активтер
Ақша және оның баламалары
176 444 135
200 429 000
Туынды қаржы құралдарын қоспағанда, пайда немесе зиян арқылы әділ құн бойынша есептелетін қаржы құралдары
Қор меншігіндегі
4 518 506 786
3 536 888 162
РЕПО мәмілелері бойынша кепіл ауыртпалығы бар
62 260 905
-
Өтеу мерзіміне дейін ұсталатын инвестициялар
402 785 683
276 814 215
Туынды қаржы құралдары
4 230 221
1 568 264
Дебиторлық берешек
5 333 333
2 543
Активтер жиыны
5 169 561 063
4 015 702 184
Міндеттемелер мен таза активтер
Туынды қаржы құралдары
3 032 339
1 956 773
РЕПО мәмілелері бойынша кредиторлық берешек
60 950 849
-
Кредиторлық берешек және есептелген шығыстар
7 050 030
4 216 533
Міндеттемелер жиыны
71 033 218
6 173 306
Қазақстан Республикасы Үкіметінің шотына енгізілген таза активтер
5 098 527 845
4 009 528 878