• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
07 Маусым, 2011

Ауқымды форум аясындағы мәслихат

320 рет
көрсетілді

Кеше Астанадағы Тәуелсіздік сарайында бүгін, яғни 7 мау­­сым күні ашылатын 7-ші Дүниежүзілік Ислам эконо­ми­ка­лық форумы (ДИЭФ) туралы баспасөз конференциясы болып өтті. Оған ДИЭФ-тің қор төрағасы Тун Муса Хитам, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Инвестициялар жөніндегі комитет төр­ағасы Асылхан Серіков, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Қазақстанның ислам қаржысын дамыту ассоциациясының төрағасы Ерлан Байдәулет қа­тысты. Бұл форум ТМД және Орталық Азия аумағында тұңғыш рет өткелі отыр. 7-ші ДИЭФ «Ғаламдық эко­номикалық даму: қарым-қаты­нас, бәсекелестік, ынтымақтас­тық» та­қырыбында өтеді. Форум аясында ислам банкингі, қар­жылық ин­фрақұрылымды да­­мыту, ШОБ да­мыту, энер­гия­ның балама көз­дерін, халал ин­дус­триясы және тағы да басқа мә­селелерді тал­қылау жоспар­лан­ған бірнеше сессия ұйым­дас­тырылмақ. ДИЭФ аясында бірқатар ма­ңызды құжаттарға қол қойы­ла­ды деп күтілуде. Атап айтқанда, Қазақстан Үкіметі мен Сауд Арабиясы Корольдігі Үкіметі арасындағы конвенция, сондай-ақ Ислам даму банкі арасында өзара түсіністік меморандумы секілді бірнеше құжат бар, деп атап өтті Инвестициялар жө­нін­дегі комитет басшысы Асылхан Серіков. Бұл меморандумда Ислам даму банкінің еліміздегі қыз­метінің келешегі көрініс тап­пақ. Меморандум шең­берінде ИДБ денсаулық сақтау, энер­ге­тика, өндіріс салаларында ма­ңыз­ды жобаларды қаржы­лан­ды­рып, Қазақстандағы ис­лам­дық банкинг дамуына қолдау көр­се­теді. Сондай-ақ, біз БАӘ-мен қо­сарланған салық салуды бол­дырмау туралы конвенцияға қол қоямыз, деді ол. Дүниежүзілік Ислам эконо­микалық форумының қор төр­ағасы Тун Муса Хитам форум­ды Қазақстанда өткізу туралы ұсынысты ұйымдастыру комитеті бірауыздан қолдағандығын айтты. Мен 7-ші Дүниежүзілік Ислам экономикалық форумы­ның Қазақстанда өткелі отыр­ға­нына қуаныштымын. Біздің негізгі мақсатымыз – форум ар­қы­лы тек ислам елдері ара­сында ғана емес, жалпы бар­лық мемлекеттермен ынтымақ­тастық бай­ланыстарды нығай­тып, осы қарым-қатынасты ұлт­тық дең­гейден әлемдік дә­режеге дейін көтеру, деді Тун Муса Хитам. 7-ші ДИЭФ аясында инвес­тициялық жобалардың көрмесі ұйымдастырылады. Оған түрлі салалар бойынша 120 жоба қа­тыспақ. ДИЭФ-тің іскер әйел­дер және жас көшбасшылар фо­румын Қазақстан Рес­пуб­ликасы Премьер-Министрі Кә­рім Мәсі­мов ашса, 7-ші Дү­ниежү­зілік Ислам эконо­ми­ка­лық форумы­ның салтанатты ашы­лу рәсімі­не Елбасы Нұр­сұлтан Назарбаев қатысады деп күтілуде. Жал­пы, шараға шет елден 2000-нан астам бизнес өкілдері, әлемдік дең­гей­дегі экономистер мен қаржы­гер­лер қатыспақ. Венера ТҮГЕЛБАЙ.