• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
07 Маусым, 2011

Мүдделестік мұраты

293 рет
көрсетілді

Малайзия Үкіметі басшысының елімізге жасаған алғашқы ресми сапары сәтті аяқталды Кеше Ақордада Қазақ­стан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елімізге ресми сапармен келген Малайзия Премьер-министрі Наджиб Тун Абдал Разакпен кездесті. Кездесуде екі ел арасындағы саяси, сау­да және экономикалық ын­ты­мақтастықты дамыту мә­­селелері талқыланды.

Ақордада өткен қарсы алудың ресми рәсімінен кейін шағын және кең құрамда келіссөздер жүргізілді. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Малайзия Премьер-министрі Дато Шри Мохд Наджиб Тун Абдул Разак халықаралық және аймақтық ұйымдардағы екі жақты өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықтың ең өзекті мәселелерін талқылады. – Премьер-министр мырза, Қа­зақстанға, біздің жаңа елордамыз Астанаға келгеніңізге шынайы ризашылығымды білдіремін. Мен үнемі Малайзияға деген шынайы сезімді бастан өткеремін. Тәуел­сіз­діктің алғашқы жылдарында,  1996 жылы мен сіздердің елге сапармен бардым. Өте үлкен әсерге бөленгенім әрдайым есімде. Біз тәуелсіз ел болған алғашқы кезден қандай жолмен жүретініміз туралы мәселе тұрды. Сол уа­қыт­та доктор Махатхир Мохаммад мені сіздердің экономикалары­ңыз­бен және реформаларыңызбен ке­ңі­нен та­ныс­тырды. Бұл Кеңес Одағының тарап, біз елімізде жап­­пай жекешелендіру жүргізе бастаған кезең еді. Бұдан кейін де жоғары дең­гейде бірнеше тәжі­ри­бе алмасу болды. Малайзия Премьер-министрі, Мемлекет бас­шы­сы, министрлер Қазақстанда бол­ды, яғни байланыс үзілген жоқ. Біздің елдеріміз арасында тарих, демография, экономикалық даму жағы­нан ұқсастықтар өте көп. Сіздер аграрлы елді көпұлтты ха­лық­тың көмегімен бүгінгі дең­гейге көте­ре алдыңыздар. Біз қи­ыр­дағы Ке­ңе­с Одағы құрамында болдық, одан кейін қиын­дық­тармен бет­пе-бет қалып, тәуелсіз мемлекет құрдық. Сіз бүгін біздің Премьер-Министрмен кездес­ті­ңіз, біздің істерімізден хабардар болған боларсыз деп үміттенемін, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Бұл туралы «Қазақпарат» та­рат­қан хабарға қарағанда, Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов пен Малайзия Премьер-министрі Наджиб Тун Абдал Разак арасында болған келіссөздерден кейін бір­қатар құжаттарға қол қойылған. Атап айтқанда, екі елдің үкі­мет­терінің арасында диплома­тия­лық өкілдіктердің ғимараттарын салу үшін жер учаскелерін өзара бөлу туралы келісімге қол қой­ы­лыпты. Бұл құжатқа Қазақстан жағынан Сыртқы істер министрі Е.Қазыханов, ал Малайзия тара­пы­нан А.Аман қолдарын қойған. Сонымен қатар, Жамбыл об­лысының әкімдігі мен «Смар­та­гро­Қарқара» компаниясы мен «Nаtional Feedlot corporation sdn. Bhd» арасында Жамбыл облы­сын­да мал өндірістік кешенін салу туралы келісім бекітілген. Ал Туризм және спорт министрлігі мен «ALM Builders sdn. Bhd» компаниясы ниеттер туралы хаттамаға қол қойған. Кездесудің ресми бөлігі аяқ­тал­ғаннан кейін Нұрсұлтан Назарбаев пен Дато Шри Мохд Наджиб Тун Абдул Разак брифинг өткізді. – Біз менің шақыруым бой­ын­ша алғаш рет келіп отырған Премьер-министр Наджиб Разактың ресми сапарына үлкен мән береміз және оны біздің қарым-қа­ты­настарымызды одан әрі дамыту үшін маңызды қадам ретінде қа­растырамыз. Малайзия біз төр­аға­лық еткелі отырған Ислам Кон­ференциясы Ұйымын құруда үлкен рөл атқарды. Бұл Ұйымды басқарудағы Малайзияның тәжі­ри­бесі біз үшін өте маңызды. Бү­гін біз Премьер-министр мырза­мен 7-ші Дүниежүзілік Ислам экономикалық форумын және осы айдың аяғында Астанада өте­тін Ислам Конференциясы Ұйы­мы Сыртқы істер министрлерінің кеңесін өткізуге байланысты мә­се­лелерді талқыладық. Малай­зия­ның Қазақстанның ИКҰ-ға төр­ағалығына көмек көрсету ту­ралы келісімге қол жеткіздік, – деді Қазақстан басшысы. Елбасы келесі кезекте Қазақ­стан мен Малайзия өз дамуында әлемдік қаржылық дағдарыс сал­дарларын табысты еңсеріп, таң­да­ныс тудырарлық жолдан өтке­нін атап көрсетті. Малайзия 1957 жылы тәуелсіз елге айналды. Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің даму жолын жалғастырған бұл аг­рарлы ел Азия жолбарысы атанды. Біз стратегиялық жоспарлауда және экономиканы да­мы­туда көп тәжірибе алдық. Бү­гін біз келешектегі дамуымызға бағытталған, ең алдымен, сауда-экономикалық қатынастардың жаңа кешенді шараларын белгіледік. Біздің елдердің өзара сауда көлемі 100 миллион доллардан асты. Өткен жылғы көлем 30 пай­ызға артты, бірақ бұл біздің елдеріміздің әлеуетті мүмкін­дік­те­ріне сай емес. Біз бірлескен сауда-экономикалық комитет жұ­мы­сын жаңарту, Іскерлік кеңес құру туралы келісімге келдік. Ма­лайзиялық компаниялар энер­ге­тика, минералдық ресурстарды өндіру, мұнай-химия, ауыл ша­руа­шылығы, құрылыс пен қаржы салаларындағы бірлескен жоба­лар­ды іске асыруға қызығу­шы­лық танытып отыр. Біз малай­зия­лық бизнестің Қазақстанның 2020 жылға дейінгі Үдемелі ин­дустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыруға қатысуына мүдделіміз. Көмір­су­тек шикізатын терең өңдеу, ауыл шаруашылығы мен халал индус­триясы салаларындағы ынты­мақ­тастықтың келешегі бар, деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы сондай-ақ Малайзияда ислам банкингі жақ­сы дамығанын атап өтті. Біз оны үйреніп, бұл қаржыландыру құ­ра­лын өз елімізге ендіретін бола­мыз. 2009 жылы осы елмен тікелей әуе қатынасы ашылды. Содан бері мыңдаған қазақстандықтар Малайзияға барып демалып қай­ту­да. Біз бұл жұмысты да жал­ғас­тырамыз. Біздің 2000 студентіміз осы елде білім алуда. Халық­ара­лық саясатқа келсек, біздің елдеріміз ұқсас ұстанымда. Біз Біріккен Ұлттар Ұйымын дамыту мә­се­лесі бойынша, Қазақстанның АСЕАН Өңірлік форумына қосы­луына қатысты өзара іс-қимыл жө­нін­де бірдей көзқарас­тамыз. Қа­зіргі уақытта Малайзия бақы­лау­шы мәртебесіне ие бо­лып отыр­ған Азиядағы өзара іс-қимыл жә­не сенім шаралары жө­ніндегі ке­ңесті одан әрі дамыту мәселесі талқыланды. Малай­зия­ның бұл Ұйымға тұрақты мүше болуы да мүмкін, деп жалғады сөзін Президент. Мен Малайзия делегациясына Астанаға қош келдіңіздер деймін. 7-ші Ислам экономикалық фору­мы аясындағы жұмыстарыңызға жеміс тілеймін. Біз экономика, саясат пен мәде­ниеттің барлық бағыттары бой­ынша ынты­мақ­тас­тық және дос­тық байланыстар орнатуға дай­ын­быз. Премьер-министр мырза, қош келдіңіз! –  деді Президент. – Ең алдымен, мен Қазақ­станға ресми сапармен келуге шақырғаны үшін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа және Қазақстан Үкіметіне алғы­сымды айтамын. Бұл – менің сіз­дердің елге алғашқы ресми сапа­рым. Сонымен бірге, маған, ме­нің зайыбым мен малайзиялық де­легация мүшелеріне көрсеткен қонақжайлық пен ықыласты қа­былдау үшін зор ризашылығым­ды білдіргім келеді. Қазақстанға сапарым біздің елдеріміз арасын­да орныққан тығыз екі жақты байланыстарды одан әрі нығай­ту­ға, сондай-ақ екі жақтың мүд­де­лерін білдіретін салалардағы өз­ара ынтымақтастықтарды кеңей­ту­ге ниетті екенімізді тағы да қуат­тайды. 1992 жылы дипло­ма­тия­лық қарым-қатынастар ор­нық­­қаннан бастап, біз Қа­зақ­станды Орталық Азиядағы негізгі стратегиялық серіктесіміз ретінде қабылдадық. Біз елдеріміз үшін өзара тиімді болып та­бы­латын салаларда Қазақстанмен тығыз жұмыс істей беретінімізге сенімдіміз, – деді жоғары мәр­тебелі мейман. Абдул Разак сөз ретінде әуелі Премьер-Министр Кәрім Мәсі­мов­пен, одан кейін Президент Нұр­сұлтан Назарбаевпен өте жемісті келіссөздер жүргізілгенін айтты. Екі кездесу де бізге екі жақты қарым-қатынастар мәселе­сін, аймақтық және халықаралық күн тәртібін талқылауға мүм­кін­діктер берді. Мен Президент Н.На­зарбаевтың, әсіресе, астана­ны ауыстыру туралы өз идеясын жүзеге асырғанына және Астана құрылысын дамытудағы баста­ма­сы­на қатты таңдандым. Жаңа ас­та­наның дамуы шындығында таң­даныс тудырады. Мен Астана Қазақстан халқының ұзақ жыл­дар бойы мақтанышына айнала­ты­нына сенемін. Президент мыр­за, мен Сіздің сөзіңізді толық қолдаймын, Экономикалық ын­ты­мақтастықты, әсіресе, сауда мен инвестицияны ұлғайтуда үл­кен әлеуеттеріміз барына сенемін, деді Малайзия Премьер-министрі. Абдул Разак, сонымен қатар, екі ел бірлесіп жұмыс істеу арқылы сауда айналымын жаңа деңгейге жеткізеді деп үміт­тенетінін білдірді. Біз бүгінгі кездесуіміз барысында бірлескен кәсіпорындар, екі жақты жоба­лар­ды бастау қажеттігі туралы шешім қабылдадық. Малайзия мен Қазақстанның жекеменшік секторының өкілдері Қазақстан мен Малайзия инвестиция сала­тын жобаларға қатысатынына сенемін. Біз анықтаған сондай са­ланың бірі – Ислам банкингі. Ислам банкингін дамыту жөніндегі малайзиялық тәжірибеге Қазақ­стан Үкіметі үлкен қызығу­шы­лық танытып отыр. Малайзия Ислам банкингі бойынша тренинг ұйымдастыруға дайын. Біз осы салада Малайзия көшбасшы бо­лып саналатындықтан, бұл сала­дағы білімімізді, тәжірибемізді үй­рету үшін қазақстандық деле­га­цияны Малайзияда қабылдауға әзірміз. Сонымен бірге, мен Қа­зақстан Үкіметіне егер ниет бол­ған жағдайда, тәуелсіз сукук шы­ғаруға көмек көрсету және Ма­лайзияны осы құнды қағаздарды қаржыландыратын ел ретінде қа­растыру туралы ұсыныс айттым. Мұнай мен газ саласына қаты­суға шақырғаны үшін Президентке алғыс айтамын, деді мейман. Президент Нұрсұлтан Назар­баевтың ұсынысы бойынша Малайзия Астанада үлкен ғимарат тұр­ғы­зуды ниет етіп отыр екен. Бұл ма­лайзиялық дизайн, архитектура үл­гі­сінде салынатын қо­нақ үй болуы мүмкін. Осы орайда Абдул Разак: «Бұл біздің Ас­та­наны дамытуға қос­қан үлесіміз болмақ. Біз Прези­денттің бұл ұсынысын оң қабыл­даймыз. Ма­лай­зиялық компания қонақ үй құрылысын жоспарлауды таяу уа­қытта бастайды. Бұл біздің ел­де­ріміздің арасында орныққан мықты достық қатынастардың сим­волы болмақ», – деді. Малайзия Премьер-министрі сөзінің соңында өзінің келіссөз­дердің табысты жүргізілгеніне өте риза екенін жеткізді. Малай­зияның алдағы уақытта да Қа­зақ­станның сенімді досы бола беретінін айта келіп, Президент Нұр­сұлтан Назарбаевқа қонақжай­лы­ғы мен жылы шырайлы қабыл­дауы үшін тағы да ризашылығын білдірді. Дастан КЕНЖАЛИН, Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.