• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
07 Маусым, 2011

Игерілмеген жерлердің иесі кім?

362 рет
көрсетілді

Жуырда Алматыда Елбасы Нұр­сұлтан Назарбаевтың үстіміз­де­гі жылдың 17 сәуірдегі тап­сыр­масына байланысты,  сондай-ақ  Пре­мьер-Министрдің бірінші орын­­басары Өмірзақ Шөкеевтің және Жер ресурстарын басқару агент­тігінің төрағасы Ө.Өзібековтің 2011 жылғы 20 сәуірдегі «Ауыл­шаруашылық жерлері ревизия­сы­ның мәселелері туралы» хатта­ма­лық тапсырмасына сәйкес «Иге­рілмей және тиімсіз пайдаланып жатқан ауыл шаруашылығы мақ­сатындағы жерлерді анықтау жұмысының барысы туралы» алқалы жиын болып өтті. Жиында жақында ғана Алма­ты облысы Талғар ауданы, Бес­ағаш ауылы маңындағы орын алған заңсыз жер басып алу фактісі тәрізді келеңсіз жәйттердің  бұ­дан былай қайталанбауы үшін Елбасы тапсырмасын шұ­ғыл арада жүзеге асыру жағы сөз болды. Талғар, Іле, Қарасай, Еңбек­ші­қазақ, Жамбыл аудандары әкім­дерінің орынбасарлары мен ондағы жер қатынастары басқар­масы басшылары,  сондай-ақ Алматы облысы әкімінің тікелей нұсқауымен құрылған арнайы комиссия мүшелері аталған оты­рыста  күн тәртібінде тұрған осы өзекті мәселені қалай да оңды түрде шешу жөнінде өз ойларын ортаға салды. Баяндамашы Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша өңіраралық жер инспекциясы бас­тығының  орынбасары   Абдолла Жол­дағұтов аталған  игерілмей жат­қан жерлерді  мемлекет тарапынан реттеуге  қатысты 5 түр бойынша сатылап жүзеге асырудың алгоритмін көпшілік назарына ұсынды. Жиын соңында оған қаты­сушылар бірауыздан шешім қа­былдап, алдағы уқытта осы бір түйіні қиын түйткілді мәселені шешуде «бір жағадан бас,  бір жеңнен қол шығара» отырып  бірлесе жұмыс істеуге келісіп тарасты. Айнаш ЕСАЛИ, Алматы.