• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
08 Маусым, 2011

Үй иелерін жастайынан өсіреміз

348 рет
көрсетілді

«Қазақстанның тұрғын үй құ­ры­лыс жинақ банкі» маусым айы бойы «Бірге өсеміз» акциясын жүргізбек. Ба­ланың жеке атына жасалатын тұр­ғын үй құрылыс жинағы туралы ке­лісім-шарт сіздің қаражатыңызды ай­тар­лықтай үнемдейді. Бала – өмірдің жалғасы бол­ғандықтан, ата-ана барлық жақ­сыны солардың келешегіне арнап, дәмдіні аузына тосып, білімді болсын деп жақсы мектеп таңдайды. Дегенмен, балалық шақ деген тез өте шығады. Келешекті алыстан болжайтын әке-шеше ұрпағының болашағы үшін қам жейтіні белгілі. Бұл жерде әңгіме жоғары білім алу туралы ғана емес, еш нәрседен тарық­тырмайтын мамандық иегері болу да, жақсы тұрмыстың кепілі бола алатын баспана да маңызды мәселе қатарында. Қазіргі жас­тарға берілетін мүмкіндіктерді көріп, әрі таңдануға да, әрі қы­зы­ғып та қарауға болады. Өйткені заман ағымына байланысты бү­гінгі балалардың ата-ананың ық­па­лынан тезірек босап, өз бетінше өмір сүруге ұмтылатыны да жасырын емес. Мүмкін, бұл дұ­рыс та шығар. Осыны көре оты­рып, біз өз бала-шағамызға кө­мек­теспегенде қайтеміз? Әрине, қол ұшын беруге дайынбыз! Сон­дықтан балаларымызға жеке пә­тер сатып алуға қаражат жинауды қазірден бастауымыз керек болар. Егер отбасында бірнеше бала болса, бір мезгілде бас-басына пәтерге ақша жинау тіпті қиын. Ал бірнеше ипотекалық несие алу өте қымбатқа түседі! Осы мақсат жолында ата-ана­ларға тұрғын үй несиесі нары­ғын­дағы көшбасшы ретінде та­ныл­ған «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» көмек­тесе алады. Аталмыш Банк 2011 жылдың 1 маусымы мен 30-ы ара­лығында «Бірге өсеміз» ак­ция­сы аясында баланың атына тұрғын үй құрылыс жинағы ту­ралы жасалынған келісім-шарт­тың комиссиялық алымын 50 пайызға дейін қысқартады. Келі­сім-шарт 14 жасқа дейінгі балаға жасалынады және клиент осы жасқа толмаған әрбір баланың атына шот аша алады. Акция талаптары өте қара­пайым – баланың атына ашылған әрбір келісім-шарттың ең төменгі келісімді көлемі 1 миллион тең­гені құрайды. Келісім-шарт жа­сауға баланың туу туралы куәлігі болса жеткілікті. Менің бір танысым осыдан бір жарым жыл бұрын бірінен соң бірі мектеп бітіре бастаған тете өскен үш баласына «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен» жинақ депозитін ашқан болатын. Өзіңіз саралап көріңіз, бұл банк­тің тарифтік бағдарламалары ая­сында тиімді несиелік үстемесі жылына 3,5-нан бастап 5 пайыз­ды құрайды. Бұл – несиелеудің ең төменгі мөлшерлемесі. Өзге банктерде үстемелік пайыз мөл­ше­рі өте жоғары екені белгілі. Сонымен қатар, тұрғын үй құ­рылыс жинағының негізгі міндеті – халыққа сатып алатын үйінің жарты қаражатын жинақтауға кө­мектесу болып табылады. Өйт­ке­ні, келешекте алынатын несиеге қызмет көрсету әлдеқайда жеңіл әрі қарыз алуға көп қаражат кетпейді. Көптеген адамдар үшін төмен пайызбен қаражатты қа­рыз­ға алу – арман санатындағы қа­жеттілік. Ал тұрғын үй құры­лыс жинағының жинақтау жүйесі ар­қылы мұндай армандарға аса қи­налмай-ақ қол жеткізуге болады. Менің тағы бір танысым өзі­нің үлкен қызына қандай пәтер сатып алып беретініне әлі шешім қабылдаған жоқ, ол тағы бір жа­рым жылдай Банкке қаражат са­луы қажет. Есесіне ол жинақтағы салымына 200 айлық есеп көр­сет­кішінен аспайтын жылына 20 пайыз мемлекеттік сыйақы төле­нетінінен хабардар. Ең бастысы, мемлекеттік «Тұрғын үй құры­лыс жинақ банкінің» басқа банктерден айырмашылығы – жинақ­тау мерзімі мен несиені қайтару кезең­ін­де пайыздық үстемелері өзгермей­ді, барлық уақытта мөл­шер­ле­мелер тіркелген күйінде қалады. Есептеп көрсек, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» тарифтік бағдарламалары жинақтау үш­ін де, несие алу үшін де өте қолайлы. Мәселен, 3-3,5 жыл тұ­рақты түрде қаражат жинақта­са­ңыз, онда 6 жылға дейін тиімділік мөлшерлемесі 5,3 пайыздан заем алуға болады. Бұл жағдайда жинақ бойынша ай сайынғы тиісті жарна келісілген соманың 1,25 пайызын құрайды. Несиені өтеу жарнасы шамамен тұрмыс жағ­дай­ын жақсартуға керекті сома­ның 0,8 пайызы. Бұл өте тиімді, егер келісімді сома 1 миллион тең­ге болса, онда тиісті ай сай­ынғы жарна 12 500 теңге болады, ал заемды өтеу – 8 мың теңге. Егер несиенің жылдық мөл­шер­лемесі 3,5 пайыз болсын де­се­ңіз, онда басқа тарифтер мен бағдарламаларды пайдалансаңыз болады. Мысалы, келісімді сома­ның жартысын 15 жыл бойы жинап, несиені 25 жылға алатын болсаңыз, онда үстеме тіпті тө­мен. Жинақтау мен өтеуде тиісті ай сайынғы жарна келісім-шарт­тағы соманың 0,25 пайызын құ­рай­ды. Мәселен, келісілген сома 5 миллион теңге делік, онда жи­нақ бойынша тиісті ай сайынғы жарна 12 500 теңге болады. Қысқасы, «Қазақстанның тұр­ғын үй құрылыс жинақ банкі» қашанда өз клиенттерінің қамын ойлап, осы уақытқа дейін өз қамқорлығын нақты істермен дә­лелдеп келе жатыр. Демек, Банкпен оның клиенттері ғана емес, балалары да жұмыс істей алады. Қосымша ақпаратты «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ мына телефондары арқылы алуға болады: Алматы қ., 279-25-55, Астана қ., 40-72-76, Талдықорған қ., 24-40-48, Қарағанды қ., 43-62-02, Қызылорда қ., 26-26-64, Павлодар қ., 34-08-99, Өскемен қ., 75-48-65, Атырау қ., 32-04-00, Тараз қ.. 42-58-80, Ақтөбе қ., 55-72-21, Ақтау қ., 43-96-91, Қостанай қ., 53-38-20, Петропавл қ., 42-79-94, Көкшетау қ., 25-63-04, Шымкент қ., 21-33-62, Орал қ., 54-03-33, Семей қ., 52-22-90 немесе мына сайтта: www.hcsbk.kz Айнаш ЕСАЛИ.