• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
08 Маусым, 2011

Бірлескен қимылдың берері мол

388 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің бастығы  Әнуар ШӨЖЕҒҰЛОВПЕН әңгіме – Әнуар Аманқұлұлы, бү­гінгі әңгімеміз осы жылдың нау­рыз айында Мәскеуде Қа­зақстан Республикасының Пре­­­­­зи­денті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Федера­ция­сының Президенті Дмитрий Медве­девтің кездесуінде қабылдан­ған екі елдің ше­ка­расындағы кедендік бекеттерді 1 шілдеден бастап алып тастау ту­ралы шешімнің жү­зеге аса­тын күні қарсаңында болып отыр. Сондай-ақ өт­кен жылы өмірге келген Қа­зақстан, Ресей және Беларусь кеден ода­ғы жұ­мы­сы­ның алғашқы оң нәтиже­ле­рі­нің де көріне бас­тағаны бел­гілі. Әңгімені осы сауалдар төңі­регінде өрбітсек дұ­рыс болатын шығар. – Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған алғашқы жыл­­­дар­дан бастап-ақ кеден ісінің жаңа жүйесін құру және оны ха­лықаралық стандарттар дең­ге­йі­не дейін дамыту қажет­ті­лі­гі туды. Өйткені кеден орган­дары еліміздегі экономикалық процестерге іс жүзінде әсер етіп, елеулі роль атқарады. Со­ған орай өмір­ге келген нақты игі шаралардың бірі үш мемлекет – аралық кеден одағы деуге бо­лады. Соның нә­ти­жесінде ТМД елдері халқы­ның 60 пайызын құрайтын 170 млн. халыққа ор­тақ сауда алаңы пайда болды. Өткен жылы Ресей және Беларусьпен жасал­ған сауда көлемі 38-40 пай­ыз­ға, бюджетке түс­кен кедендік баж салығының өсі­мі 25 пай­ызға өсті. Қазақ­стан­дық өнім­дер­дің кеден ода­ғы елдеріне экспорты 52,4 па­й­ызға көте­ріл­ген. Сайып келгенде, мұн­дай ілгері басушы­лық кеден одағындағы үш мем­ле­кеттің экономикалық мәселе­ле­рін шешетін, сондай-ақ еліміз­дің бизнес саласын бәсекеге қа­білетті тауарлар шығаруға және қыз­мет көрсетуге ынталанды­ра­­тын нақ­ты жобаның жемісі деп білеміз. Өзара саудаға транзиттік бірың­ғай шарттар жасал­ды. Кеден са­ласы қызметкер­леріне қатысты бірыңғай талаптар да белгіленді. Оның бәрін біздер, маң­ғыс­тау­лық кеденшілер, Қа­зақ­стан­дағы бірден-бір жерде де, суда мың­даған километр шек­­­аралас мемлекеттермен бай­ланыстар арқы­лы сезініп отырмыз. – Олай болса осы тұста өзіңіз басқарып отырған об­лыс­тық кедендік бақылау де­­пар­таментінің құрылымы, он­ың кедендік бақылау ор­нат­­қан жерлері туралы тере­ңі­рек мағлұмат беріп өтсеңіз? – Жаңа ғана айтқаны­мыз­дай, біздің департаменттің құ­зы­рына құрлығы бар, теңізі бар 1910 километрлік шек­ара­ны ал­ып жатқан бес ел Ресей, Әзір­бай­жан, Иран, Түркімен­стан, Өз­бек­стан кіреді. Солар­дың іш­інде біздердің негізгі жұмыс 465 километрлік Өзбек­стан жә­не 365 километрлік шек­ара­сы­мен іргелес жатқан Түркімен­стан Рес­пуб­лика­ла­ры­мен арада болып тұрады. Осынау шекара­лардағы және өз аумағы­мыз­дағы 10 кедендік пунктте үш жүзден астам адам қызмет істейді. Осылардың ішін­­де елге белгілі Өзбекстан­мен ше­кар­а­дағы Тәжен, Бейнеу темір­жолы, Түркімен­стан­мен арадағы Темірбаба кедендік бекеттеріндегі жұмыс күн­діз-түні толас­та­май­ды. Осы жыл аяғына таман «Жаңаөзен-Түркіменстан ше­ка­расы» темір жолы аяқта­луы­на қарай «Бола­шақ» атты кедендік бекеттің ашылып жұмыс жа­са­уы жұ­мысымызға ерекше серпін беріп, қанатымыз жайыла түс­келі отыр. Сондай-ақ, Елба­сы Нұр­сұлтан Назарбаевтың «Елдің шығысында Қорғас, ба­ты­сын­да Ақтау айлағы шынайы эко­номи­ка­лық аймаққа, яғни, Қа­зақ­стан­ның ашық қақпасына ай­на­луы керек», деп атап көр­сет­кен Ақтау теңіз сауда пор­тын­дағы кедендік бекеттің жұ­мысы да атап айтуға тұрар­лық­тай д­ә­режеде қарқын алып келеді. – Тілге тиек етіліп отыр­ған жетістіктер өздігінен келмегені белгілі. Осы ретте сала жұмысын жетілдіріп, ком­мер­ция­лық, көліктік, транзиттік құжаттарды тіркеу ба­қылау­дың тиімді тәсілдері қа­лай жүзеге асырылады? – Осы айтылған жұмыстар­дың бәрі де өткен жылдың қа­зан айынан бастап тексерудің авто­мат­тандырылған жүйесіне көш­ті. Соның арқасында мағ­лұ­мат­тарды тіркеу 1 жұмыс кү­ні­не, ал тауарлардың жекелеген катего­рия­ларына қатыс­ты та­уар­­ларды өткізу 4-5 са­ғатқа қыс­қартылды. Пластика­лық тө­лем карталары­ның жү­йе­сі қол­да­ныс­қа енді. Шекарада кеден ор­гандарына бақы­лау­шы ор­ган­­­дар­дың іс-әре­кет­терін үй­лес­ті­ру құжаттарды қабылдау және беру қызметі біріктірілген кедендік бақылау енгізілді. Бас­қа да заманауи тех­никалық құрал­дар келіп, кедендік құ­жат­тар­дың элек­трон­дық кө­шір­мелерін тегін түрде жасау­ға және оны интернет жүйесі арқылы жол­дауға мүмкіндік беретін «Web-декларант» элек­трон­дық мағұ­лым­дама берудің бағ­дар­лама­лық кешені тәжіри­бе­лік пай­да­­лануға берілді. – Бұл күндері Маңғыстау тоғыз жолдың торабын біріктіретін аймақ. Жоғарыда әң­гі­ме болған Ақтау теңіз сауда пор­ты одан әрі солтүстік ба­ғыт­қа кеңейтілсе, осы жыл аяғында пайдалануға бе­рі­ле­тін «Өзен-Түрікменстан мем­лекеттік шекарасы» жә­не «Же­­тіген-Қорғас» теміржол же­лілері «Ұлы Жібек жолын» жаңартып, кеден ода­ғына қа­рас­ты мемлекеттер­дің соның ішінде Қазақ­стан­ның транзиттік қуатын еселей түсетіні және Еуропа, Қытай, Парсы шығана­ғын­дағы сауда айна­лы­мына ер­ек­­ше екпін беретіні белгілі. Осы жерде де кедендік одақ­тағы Ресей мен Беларусь мем­лекеттеріндегі те­­мір­жол тарифтерінің бір дең­­гейде бо­луы жүк айна­лы­мы­на оң ықпал ететін шығар. – Қазақстан, Ресей және Бе­­ларусь мемлекеттерінің өз­ара кеден одағы бір жылдың өзінде өзінің өміршеңдігін, үш елдің де экономикалық мәсе­лелерін ой­ласа, бірлесе шешуде үлкен рөл атқаратындығын көрсетті. Бұрын түрлі құжат­тар толты­рып, салық төлеп Қытай, Түр­киядан әкелінетін тауарлар жа­қын жердегі Ресейден, Бела­русь­тан салық­сыз-ақ келе бас­тады. Ресейден бізге түрлі тамақ өнімдерін, химиялық заттар, цемент, ме­дициналық құ­рал-жаб­дықтар, мұнай-газ өн­ер­кәсібіне қа­жет­ті жабдықтар мен мебель, т.б. келсе, Беларусьтен тоңазыт­қыштар, автомобиль, трактор­дың қосалқы бөлшектері, сүт тағамдары ав­токөлік тіркемелері көптеп келе бастады. Цифр тілімен айт­сақ бір жыл­дағы сауда айна­лымының өсім пайызы Ресеймен 101,8, ал Беларусьпен 95,8 пайызға жетті. Қазақстан­нан импортқа шыға­рылатын түрлі металдар, мұ­най өнімдері, ас­тық, қара темірден жасалған бұйымдар өткен жылдармен салыстыр­ғанда 90 пайызға өс­кен.  – Талпыныс – табысқа жеткізеді. Ізденіс түбі – игілік дегендей өзіңіз басшы бол­ғалы осы сала қызметін жетілдіре түсу жолында жа­сал­ған іс-шаралардың кейбіреулеріне тоқталып өтсеңіз. – Ізденіс шынында да игілікке ұмтылдырады. Мен бұл жерде тұрғындардың ғана емес Ақтау теңіз сауда пор­ты­ның жұ­­мысын пайдаланатын рес­пуб­­лика тұрғындарының кө­ңі­лі­нен шыққан бір жайды айт­қым келеді. Ол осы жыл­дың наурыз айынан бастап «Морпорт» кедендік бекетінде авто­көлік құрылғыларын қо­сым­ша кедендік рәсімдеу пунк­тін ашу­ы­мыз болды. Жаңа құры­лым арқылы өткен күні кешеге дей­ін 14,5 мың авто­кө­лікті рәсім­деу жүзеге асқаны белгілі болды. – Әңгіме соңында алда­ғы жоба-жоспарлар, ел тәу­елсіз­ді­гінің 20 жылдығын лай­ық­ты қарсы алу жо­лын­да жү­зе­ге асудағы жұмыстар жайлы не айтар едіңіз? – Ел экономикасын дамы­тып, халқымыздың әл-ауқатын жақсарта түсу жолында кеден­шілердің алдында тұрған жоба-жоспарлар баршылық. Жә­не оларды жүзеге бағытын­да­ғы жа­ғымды жаңалықтар да жоқ емес. Біздер үшін соның ең негізгісі – облыс әкімі Қы­рымбек Көшербаевтың қолда­уы мен көмегі нәтижесінде жақын күн­дері Ақтауда, Астана, Алматы, Шымкенттен кейін ашылатын «Батыс» атты мониторинг ор­та­лығы болмақ­шы. Ол бұл күн­дері қаланың 31-шағын ауда­нын­да салынып жатқан облыс­тық кедендік бақылау депар­таментінің әкім­шілік кешенінде орналасады. Сол кезде кеденшілер жұмысы жаңа сатыға көтеріліп қана қоймай, жүк тасымалдау қар­қыны да арта түседі. Яғни бір орталықтан инспекциялық ба­қылау заманауи құрал-жаб­дық­тар жұмысы­мыз­дың тиімділігі, ашықтығын арттырып, кеден рәсімдерін же­ңілдету, құжат айналым­да­рын қыс­қар­ту т.б. жұмыстар ха­лықаралық конвенцияның стан­дартта­ры­на сай жүзеге асады. – Рахмет. Әңгімелескен Жоламан БОШАЛАҚ.