• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
04 Мамыр, 2017

​Сыртқы және ішкі саясат өнегесі

2418 рет
көрсетілді

Бүгінде қақтығыстардың алдын алу әлемдегі маңызды мәселе. Шынында да, әлем­дегі қазіргі ахуал көптеген ха­лық­ара­лық мәселе­лердің шие­ле­нісуі, тұ­рақ­тылық пен қауіп­сіз­дікке жаңа қа­терлердің пайда болуымен сипатта­лады. Мұндай жағдайларды шешу үшін мемлекеттер өзара бірлескен іс-қи­мылдар жүргізуі қажет.

Біз ішкі және сыртқы саясаттың шекарасы жойылған, жергілікті қақ­ты­ғыстардың өңірлік деңгейге ауысуы сынды жаңа буын қақтығыстарын кө­рудеміз.

Әскери тәсілдер саяси, эко­но­ми­калық және ақпараттық әдістерге негіз­дел­ген гибридтік соғыстар, үйлесімсіз қи­мылдар туралы көп айтылып жүр. Со­нымен қатар, қазіргі кезеңдегі қақ­ты­ғыстар консенсусқа жетуі күрделі не­месе тәжірибелік тұрғыдан шешілуі мүм­кін емес этностық және діни қарама-қайшылықтарға негізделеді. Ақпараттық соғыс елдер арасындағы күрестің пәрменді құралы ретінде ха­лық­аралық жағдайға да  әсер етеді. Бү­гінде қоғам санасын манипуляция-

лау технологиялары кеңінен қол­да­ны­луда. Қақтығыстар мен соғыстар бос­қындардың ауқымды ағындарына әкелді. Қазіргі таңда Еуропа қоға­мын­да осы мәселеге қатысты әлеу­метке қауіпті жіктелу байқалады. Ха­лық­аралық терроризмнің қазіргі заманның өзге өзекті мәселелерімен байланысы да көрініс тауып отыр. Осы қауіпті құбылыстан бүгінгі таңда ең алдыңғы қатарлы дамыған елдердің өзі толық сақтана алмай отыр.

Қазіргі қақтығыстар БҰҰ, ЕҚЫҰ,­ тағы  басқа халықаралық ұйым­дар құралдарының тиімділігін тек­серудің өзіне тән тәсіліне айнал­ды. Осыдан байқалатыны, халықаралық ұйым­дар­дың іс-қимылдары көп жағдайда тиім­сіз­дігін және кешіккендігін танытып отыр. Елдер бітімгершілік үдерістерін дағ­дарыстық ахуалды өзінің геосаяси мүддесі немесе ықпалын күшейту үшін жасырын тайталасқа жиі айнал­дырып отырғандығын аңғарамыз.  Бұл жағдайда қақтығыстарды реттеу­дің басқа әлемдік қоғамдастық мүдде­ле­рі­мен байланыстылығы туралы сауал туындайды. Оған қоса, жа­һан­дану үдерістерінің үдей түсуі жер­гілікті қақтығыстар мәселесін ха­лық­ара­лық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мә­се­ле­сі­не айналдырды.

Мұндай жағдайда қақтығыстарды реттеудің бұрыннан бар теориялары өзін ақтамайды. Менің пікірімше, конфликтологияның өзі саяси қақ­ты­ғыс­тарды болжау үшін қажетті әдістер мен оны ескертудің тиімді технология-

ларын толықтай иелене алмай отыр.

Қазақстанның бүгінгі жай-күйіне келсек, еліміз ЕҚЫҰ, ШЫҰ, ИЫҰ, тағы басқа халықаралық ұйымдардың  аясында әрдайым белсенді қимылдар танытып келеді. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде әріптестіктің жаңа түрлерін ұсынуда. Еліміз бүкіл әлемге тұрақтылық қа­лып­­тастыруға барынша көп жәрдем бе­руге дайындығын көрсетумен қатар, бір­неше рет  келіссөздер жүргізуге алаң­дар ұсынды.

Мәселен, Астанада өтіп жүрген сирияаралық қақтығыстарды реттеу-

ге арналған бейбіт келіссөздердің ұй­ымдастырылуын ерекше айту­ы­мызға болады. Аталған келіс­сөз­­дер ұйымдастырушылық және маз­мұн­дық жағынан зор күш-қуатты қа­жет етеді. Бұл − еліміз үшін үлкен жау­апкершілік. Өйткені, Қазақстан сыр­т-

қы саясатпен қатар, ішкі саясатта ди­алог пен конструктивтілік  әдістерін қолданудың өнегесін танытып келеді.

Келіссөздер эскалация деңгейінде өтіп жатқандықтан, конструктивті н­әтижелерге жету оңай шаруа емес екендігі белгілі. Сирия қақты­ғы­сы­ның негізінде бүкіл Сирия қо­ға­мын қамтыған өткір әлеуметтік мә­се­лелердің шиеленісуі жатыр. Егер мем­лекет азаматтардың талаптарын қа­был­дамаса, кейін оның зардабын тартады. Қа­зірде  Сирия мәселесі аймақтық шең­берден шығып, жаһандық сая­сат­тың күрделі қақтығысына айналды. Сирия дағдарысын шешудегі Қазақ­стан­ның бітімгершілік рөлі қақ­тығыстың негізгі субъектілері мен жанама қатысушыларының іс-қи­мыл­дарына байланысты. Бұл арада БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мү­шелері арасында да көзқарастар қа­ра­ма-қайшылығы бар екенін естен шы­ға­р­мауымыз керек.

­Әлемдік қоғамдастықтың соғыстар мен қақтығыстарға қарсы тұруы бар­лық елдердің көшбасшыларына, олар­дың саяси қалауына байланысты. Бұл −  бү­гінгі күннің өзекті жаһандық та­қы­рыбы. Өйткені, ол бүкіл әлем аза­мат­тарының негізгі мүдделеріне жауап береді.