Бүгін Үкімет үйінде Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Джордж Кроллмен кездесу өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz
Кездесу барысында Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен оның перспективалы бағыттарын кеңейту, соның ішінде, жоғарғы технологияларды дамыту мен Қазақстан экономикасына инвестициялар тарту саласындағы мәселелер талқыланды. Сонымен қатар ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаевтың биыл сәуір айындағы АҚШ-қа жұмыс сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтар мен болжанған нақты жобаларды іске асыру бойынша қабылданып жатқан шаралар қаралды.