• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
09 Маусым, 2011

«Бейбітшілік үшін саяхат» атты ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер суретшілерінің көрмесі өтеді

298 рет
көрсетілді

7 маусымда Қазақстан Республика­сы­ның Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұ­хам­мед Қытай Халық Республикасының Қа­зақстан Республикасындағы Төтенше жә­не өкілетті елшісі Чжоу Лимен кездесу өт­кіз­ді, деп хабарлады ҚР Мәдениет министр­лігінің баспасөз қызметі. Кездесу барысында мәдениет сала­сы­ның екіжақты қарым-қатынасына қатыс­ты бір­қа­тар мәселе қарастырылып, тал­қы­лан­ды. Нақ­­тырақ айтқанда, Астана қа­ла­сында Шанхай ынтымақтастық ұйымы­ның (ШЫҰ) 10 жылдық мерейтойы қар­са­ңында ұйым­дас­тырылып, өткізілгелі от­ыр­ған «Бейбітшілік үшін саяхат» атты ШЫҰ-ға мүше мемле­кет­тердің танымал суретшілерінің көр­­­месі жай­л­ы да сөз болды. Көрермендер наз­а­рына 100-ден ас­там өнер туындылары ұсы­ны­ла­тын бо­ла­ды. Көрме 11-15 маусым ара­лы­ғын­да жұ­мыс істейді. Көрме жұмы­сын 13 мау­сым­да Қазақстан мен Қытай­дың бас­шылары аралап көреді деп жоспарлануда.