• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
09 Маусым, 2011

Мейрамгүл мен Бақтылы шерткен сыр

575 рет
көрсетілді

Рухани байланыстар мен ұлттық құндылықтар аясын қамтиды Ресейдің көршілес облыстарымен сауда-экономикалық қатынастарды бы­лай қойғанда, рухани кеңістікте де өз­ара байланыстар жасап отырудың ма­ңызы айрықша. Оның екі жаққа да берері мол. «Егеменге» арнайы келген Қа­зақстан Инновациялық және теле­ком­муникациялық жүйелер университеті (ҚазИТУ) қазақ тілі пәнінің оқы­ту­шысы Мейрамгүл Хасанова осындай өзара ынтымақтастықтың жарқын мы­салдары жөнінде әңгімелеп берді. Иә, аталмыш кешен биыл «Еу­ра­зиялық өзен аралығы» атты екі күнге созылған Қазақстан мен Ресей шекаралас аймақтарының тұңғыш инте­гра­ция­лық конгресін ұйымдастыруға ұй­ыт­қы болған-ды. Осынау халықаралық жиын үстінде Ресейде тұратын ағай­ындарымыздың өз ана тілдеріне деген құштарлығы жөнінде де сөз болды. Олардың қазақ тілін үйренуге деген ынта-ықыластары айрықша. Алайда оған көп жағдайда мүмкіндіктері бола бермейді екен. Яғни, конгресс кезінде бұл мәселеге біздің көмегіміз қажет екені айқын аңғарылды дейді, Мей­рамгүл Жолдығалиқызы. Бұл мәселе түсіністікпен қараған ҚазИТУ-дың бас құрылтайшысы А.Әй­тімов Ресейдің Самара облысын­да­ғы «Ақ жол» қазақ ұлттық мәдени ұйы­мына көмек ретінде компьютерлік сы­нып пен электронды оқулықтар бергізу жөнінде шұғыл шешім қабылдады. Осы­нау бүгінгі заманғы құрал-жабдықтар Самара аймағында қазақ тілін үйрену ісін жолға қоюға қызмет жасамақ. Міне, біз мұны Ақсерік Сарыұлындай ұлтжанды, жүрегі жомарт, пейілі кең азаматтың Ресейдегі қандастарына деген құрметі деп қабылдаймыз. Бұл біз­дің ойымызша, атап айтуға тұрарлық іс. Қайырымдылық көмектің үлкен үл­гі­сі. Сондықтан да бұл шараның бас басылымымыз «Егемен Қазақстанның» бетінде көрінгенін қалар едік, дейді Мейрамгүл қарындасымыз. М.Хасанова бізге айтып берген жо­ғары білім саласындағы өзара байла­ныс­тардың тағы бір мәнісі төмен­дегі­дей. Қалай десек те, техникалық кадрлар әзірлеу ісінде Ресейдің жоғары оқу орындарында үйренуге, көңіл қою­ға тұрарлық істер мол екенімен келісе алатын шығармыз. Ондағы профессор-оқытушылар құрамының да кәсіби шеберліктеріне шек келтіруге болмайды. Ос­ындай ғылыми-техникалық әлеует елі­­міздің Батыс Қазақстан секілді шеткері аймағына еніп жатса, оның инно­ва­ция­лық өңірде техникалық мамандар әзір­леу ісіне тигізер пайдасы мол болмақ. ҚазИТУ мен Самара мемлекеттік тех­никалық университеті және С.Королев атындағы Самара мемлекеттік Аэ­ро­ғарышкерлік университеті арасында ке­­лісім-шартқа қол қойылуының арғы астарында осындай мәнді де маңызды мәселелер бар. Яғни, мұның өзі Ре­сейдің беделді жоғары оқу орын­да­рының ұстаздары келісім-шартқа сәй­кес Орал қаласына келіп дәріс оқиды деген сөз. Осылайша Батыс Қазақстан облысы мен Самара облысының инно­ва­циялық білім беру салаларындағы өз­ара қарым-қатынастары нығая бермек. Ал Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясындағы «Алаштану» үйір­ме­сінің жетекшісі, тарих ғылым­да­ры­ның кандидаты Бақтылы Боранбаева бүгінгі таңда қазақстандықтардың бой­ында отансүйгіштік қасиетті қалып­тас­тыру жөнінде өз ой-пікірлерін «Еге­мен­нің» меншікті тілшісімен бөлісті. – Бұл менің еліміздің бас басы­лы­мына ұсынып отырған тұңғыш мақа­лам еді. Үлкен газеттің талабы да үл­кен болады ғой. Осындай биік талап үде­сінен шыға алдым ба, шыға алма­дым ба деп екі ұдайы сезімде отыр­мын, деді бізге ол ағынан жарыла. Бақтылы Сансызбайқызы жазған ма­териалмен танысқан кезде, оның ойы­ның орнықтылығы мен пікірінің бай­ып­тылығын байқадық. Көтеріп отыр­ған та­қырыбы да жоғарыда айтылғандай, өзек­ті де қажетті тақырып. Бүгінгі таң­да білім ошақтарының басты міндеті – тәуелсіз еліміздің ұлтжанды ұрпағын өсі­ріп тәрбиелеу болып табылады. Отан­сүйгіштік қасиет көзді ашып-жұм­ғандай қас-қағым уақытта қалыптаса қал­майды. Ол саналы да тынымсыз тәрбиенің нә­ти­жесінде біртіндеп тамыр тартады. Ол жәй сезім емес – ұлы сезім, – деп түйіндейді өз ой-пікірін Б.Боранбаева. Осы ұлы сезімді ұлғайтудың басты жолдарының бірі – ұлтын сүйген, ұл­ты­на қалтқысыз қызмет көрсеткен Алаш арыстарының өмірі мен қызметі жөніндегі деректерді кейінгі ұрпақтың сана-сезіміне дарыту, деді бұдан әрі ол. Мұны – феномен ретінде де қарас­тыру артықтық етпейді деп ойлаймын. Алаш қайраткерлерінің өз ұлты мен мемлекетін шексіз сүю жөніндегі кейінге қал­дырып кеткен өнегесін бүгінгі ұрпақ тәрбиесінің басты тармақ­тары­ның бірі деп тану уақыт талабынан туындап от­ыр­ған қажеттілік. Біздің университет жанында «Алаш­тану» үйірмесі осындай мақсатта құ­рыл­ған еді. Ол бекітілген өз жос­па­ры­на сәйкес дәрістер мен сабақтар, конференциялар мен дөңгелек үстелдер ұй­ым­дас­тырып жүр. Биыл қазақ топы­ра­ғындағы алғашқы басылымдардың бірі – «Қа­зақстан» газетінің шыққа­нына жүз жыл толды. Үйірменің кейінгі шараларының бірі осы тарихи датаға арналды. Дөң­ге­лек үстел үстінде оған қатысушылар газет редакторлары Елеусін Бұйрин мен Ғұмар Қараштың өмірі мен қызметі жөнінде ой-пікір ал­масты. Олардың ұр­пақтарының тағды­ры жөніндегі тың деректер де пікір­сайыстың арқауына ай­налды. Әрі бұл жәйттер үлкен қызы­ғушылық туғызды. Соның бірі «Егемен Қазақстан» газе­ті­нің биылғы 16 наурыз күнгі нөмірінде жарияланған материал, – деді М.Боранбаева. Бұл танымдық материалда Е.Бұйриннің немересі Валерий Әнуар­ұлы туралы бұған дейін айтылмай келген деректер келтірілген. 1998 жылы Орал қаласының Чапаев көшесіндегі №39 үйдің қабырғасына Елеусін Бұйринге ескерткіш тақта қой­ылған еді. Алайда ол кейіннен алынып тасталды. Аталған тарихи мекенжайда бір кезде «Қазақстан» газетінің баспа­ханасы орналасқан болатын. Бұл тарихи деректер бүгінгі тұрғындардың жа­дынан өшіп барады. Аталған баспахана үйін көпшілік біле бермейді. Дөңгелек үстел кезінде оған қатысушылар бұл мәселеге қынжылыс білдірді, – деп ойын түйіндеді Бақтылы Боранбайқызы. Біз жеке бастың шаруасымен емес, елдік мінез бен бітім-болмысты, әрі отан­шылдық сезімді қалыптастыруға қанаты­мен су сепкен қарлығаштай кө­мегін тигізу үшін шарқ ұрып жүрген қа­ракөз қа­рын­дастарымыздың қадам­да­рына сүйсіндік. Темір ҚҰСАЙЫН. Батыс Қазақстан облысы.