• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
10 Маусым, 2011

Ақтау әуежайы – ТМД үздігі

369 рет
көрсетілді

Ақтау халықаралық әуежайы жолаушылар тасымалдау бойын­ша республикамызда Астана, Алматыдан кейінгі үшінші орын­да. Мұнда бұл күндері алыс-жақын 13 шетелге күндіз-түні ұшақтар ұшып-қонып жа­та­ды. Биылдың өзінде жаңадан тағы да «Ақтау-Киев-Ақтау», «Ақтау-Тбилиси-Ақтау», «Ақтау-Үрімші-Ақтау» әуе рейстері ашылды. Ал жақын күн­дері аяқталатын ұшып-қону алаңындағы жаңғырту жұмыс­тарынан соң Ақтау кез келген әуе кемесін қабылдайтын дәрежеге жетеді. Әуежайда жо­лаушылар үшін барлық жағдай жасалып, оларға халықаралық дәрежеде қызмет көрсетіліп келеді. Содан болар әуежай соңғы үш жылда екінші рет ТМД елдеріне қарасты 22 әуежай арасында ең үздік танылып, ТМД әуе жол­дары жетекшілері арасынан әуе­жай басшысы Узифолла Әжмол­даев азаматтық авиацияны дамы­туға қосқан елеулі үлесі үшін 2010 жыл қорытындысында Л.Щеглов атындағы халықаралық сыйлықтың иегері атанып отыр. Жоламан БОШАЛАҚ. Ақтау.