• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
10 Маусым, 2011

Маңызды бағдарламалар партия бақылауында

357 рет
көрсетілді

«Нұр Отан» ХДП аймақ­тар­дағы жұмысқа сүйене отырып, елі­міздің барлық облыстарын­дағы Үдемелі индустриялық-ин­новациялық даму бағдарламасы, «Жол картасы», «Ақбұлақ» сияқ­ты ең маңызды мемлекеттік бағ­дарламалар мен жобалардың іске асырылуын айрықша қадаға­лау­да. Жұмыстың ең тиімді фор­ма­лары мен әдістерін анықтау мақ­сатында нұротандықтар бағ­дар­ламаларды жүзеге асырудың өзекті мәселелерін тұрақты түрде талқылап отырады. Алматы облысы нұротандық­та­­ры­ның кезекті кездесуі Талды­қор­ған қаласында өтті. Аймақ­тың партия белсенділерімен «Нұр Отан» партиясы Төраға­сы­ның бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин кездесті. Тек биылғы жылы Алматы облысында үдемелі индустрия­лық-инновациялық бағдарлама бой­ынша 5 жоба іске асырылып жатыр. Олардың ішінде: Hyundai Motors жүк автокөліктерін шы­ға­ру­мен айналысатын кәсіпорын, бетон өнімдерін шығаратын «Юр-инвест» зауыты, шаршы пішінді және бүгілген құбырларды шығаратын зауыт және тағы бас­қалары. Әрбір нысанның құры­лы­сы «Нұр Отан» партиясының жіті қадағалауында. Салынып жатқан нысандар­дың бірін аралаған кезде Нұрлан Нығматулин: «Мемлекеттік ин­дус­триялық бағдарлама бойынша бүгінгі күннің өзінде 152 жоба іске асырылды, биыл да тағы 192 жоба іске қосылады. Олардың ішінде – бүкіл әлемге танымал «Ба­тыс Еуропа  – Батыс Қытай» ха­лықаралық транзиттік жолы, «Бейнеу – Шымкент» газ құбы­ры, металлургиялық, газды және химиялық өндірістер сияқты ірі жобалар бар. Осының барлығы – Елбасымыз, партиямыздың Төр­аға­сы Нұрсұлтан Әбішұлы На­зар­баевтың экономиканы дамы­ту­ға және халықтың жағдайын жақсартуға бағытталған саясаты­ның нәтижесі. Ал «Нұр Отан» пар­тиясы Президентіміздің пар­тия­сы ретінде осы жобалардың барлығын іске қосу жұмыстарын қатаң бақылауға алды», – деп атап өтті. Әлеуметтік нысандардың жү­зеге асырылуы мәселесі де басты назарда. 64 жас отбасы осы жылдың соңында қолданысқа берілетін жаңа 5 қабатты үйдегі пә­терге ие болады. Тұрғын үй ке­шенінің басты ерекшелігі онда 60 орындық балабақша салу да көз­делген. Теннис ойынына құ­мар жандар Талдықорған қала­сын­да салынып жатқан жаңа теннис алаңын да сынап көре алады. Бұл нысанды да осы жылдың ая­ғы­н­да беру жоспарланған. Нұрлан Нығматулин осы объектілердің барлығын аралап шықты. Партия активімен кездесу ба­рысында кең ауқымды мәселелер жиынтығы талқыланды. Мемлекеттік бағдарламаларды пар­тия­лық бақылау тақырыбына айрық­ша назар аударылды. Сөз ал­ған­дар партиялық бақылау бекет­те­рі­нің маңыздылығын айта келе, сонымен қатар, партияның ай­мақ­тардағы жұмысын нығайту бойынша нақты ұсыныстар енгізді. «Егемен-ақпарат».