• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
11 Маусым, 2011

Қасиетті мақам

491 рет
көрсетілді

IV республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды Алматының Орталық мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен IV республикалық қасиетті Құран Кәрімді мәнерлеп және жатқа оқу байқауы өтті. Оған еліміздің әр аймағында өткен жарыстардың жеңімпаз­да­ры мен жүлдегерлері қатысты. Ұзын саны – 70. Осынша жас қа­ридың байқауға қатысуы тұңғыш рет. Байқауды кіріспе сөзбен аш­қан дінбасы, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі қатысушыларға сәттілік тіледі. Құрамына Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті универ­си­тетінің профессоры Мұхаммед қари Жунди, қарилар Данияр Жұмабаев, Жұманазар Садыр­ха­нов, Сәдуақас Олжабаевтар енген қазылар алқасына дінбасы төр­аға­лық етті. Байқауды ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы бойынша өкіл имамы Әбдімүтәліп Дәу­рен­беков жүргізді. Байқау 5, 10 және 30 паралар бой­ынша жатқа, сонымен қатар, мә­нерлеп оқу бойынша 4 топта өтті. Жарысқа қатысушылардың де­ні 5 пара бойынша сынға түсті. Алғашқы күні 4 топта­ғы­лар­дың барлығы да өз өнерлерін көр­сетті. Көзге түскендері ішінен ақтық сында жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды. 5 пара бойынша балдық көр­сеткіш негізінде: І орынды Нұр­лан Сейтмаматов (Алматы қала­сы), ІІ орынды Бейсен Нығмет (Нұр-Мүбарак университеті), ІІІ орынды Яхия Құрбан (Ақтөбе облысы); 10 пара бойынша бал­дық көрсеткіш негізінде: І орын­ды Серік Әмзеев (Ақмола об­лы­сы), ІІ орынды Бекжан Әлденов (Ақтөбе облысы), ІІІ орынды Назар Сұлтанбай (Астана қаласы); 30 пара бойынша балдық көр­сеткіш негізінде: І орынды Бақ­тияр Қасымалиев (Алматы қа­ласы), ІІ орынды Ділмұрат Исрайлов (ОҚО), ІІІ орынды Бауыр­жан Есмұрзаев (Алматы қаласы); Қасиетті Құран Кәрімді мәнерлеп және көркем оқу байқауы бой­ынша балдық көрсеткіш негізінде: І орынды Батыр Тоқтамұратов (Жамбыл облысы); ІІ орынды Еркебұлан Байқабылов (Ақмола облысы); ІІІ орынды Тәкен Тұр­дақынұлы (Қарағанды облысы) иеленді. Байқау жеңімпаздары мен жүл­дегерлеріне мақтау қағаздары мен ақшалай сыйлықтарды дін­ба­сы, шейх Әбсаттар қажы Дер­біс­әлі хазрет тапсырды. Республикалық Құран жары­сының жеңімпаздары 2011 жылы қыркүйекте Астанада өтетін ха­лықаралық Ислам конфе­ренция­сы алдында ұйымдастырылатын халықаралық Құран жарысына қатысады деп жоспарлануда. «Егемен-ақпарат». ------------------------------------- Суретте: Құран жарысында­ғы қазы­лар алқасы.