• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
11 Маусым, 2011

Дайын заң жобалары айқындалды

267 рет
көрсетілді

Кеше ҚР Парламент Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджановтың жетекшілігімен палата бюросының кезекті отырысы өтті. Онда алдағы аптада Мәжілістің жалпы отырысына шығарылатын мәселелер сараланды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Палатаның Қаржы және бюджет ко­митеті еліміздің кейбір заңна­ма­лық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын реттеу мәселелері бойынша тәуекелдерді азайту бөлі­гін­де толықтырулар енгізуді көздей­тін заң жобасын бірінші оқылымда қарауды ұсынды. Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті «Ғарыш қызметі туралы» және соған сәйкес ілеспе заң жобасын бірінші оқылымда депутаттардың талқы­сы­на шығарылатынын хабарлады. Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті бірнеше заң жо­ба­сын күн тәртібіне шығаруды ұсы­нып отыр. Атап айтқанда, «Келісілген макроэкономикалық саясат тура­лы келісімді ратификациялау тура­лы», Қазақстан мен Франция үкі­мет­тері арасындағы Азаматтық қор­ға­ныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау жөнінде, Қазақстан мен Корея арасындағы Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық кө­мек ту­ра­лы шартты ратификациялау туралы, «Өт­пелі кезең ішінде арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтем­ақы шара­ла­рын қолдану тәртібі ту­ра­лы келісімді ратификациялау ту­ралы» және басқа да халықаралық маңызы бар заң жоба­лары палата талқысына ұсынылады. Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті бірқатар заңнамалық актілерге ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша түзетулер енгізуді қарастырған заң жобасын екінші оқылымда қарау үшін күн тәртібіне енгізуге дайын екенін мәлімдеді.