• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
14 Маусым, 2011

Достық көрмесі

335 рет
көрсетілді

Астанада Қазақ ұлттық өнер университетінің «Ша­быт» шығармашылық сарайында Қытайдың «Бейбітшілік үшін саяхат» атты көрмесі өтуде. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының мерейтойлық сам­миті мен ҚХР төрағасы Ху Цзиньтаоның Қазақ­стан­ға ресми сапары аясында ашылған көрмеге Қытай суретшілері мен осы елге сый­ға тартылған Қазақстан қыл­қалам шеберлерінің шығар­ма­лары қойылған. Шараның ашылу рәсіміне ҚР бірінші Вице-премьері Өмірзақ Шөке­ев, Мәдениет министрі Мұх­тар Құл-Мұхаммед, Қытай жа­ғынан осы елдің Мемлекеттік кеңесінің мүшесі Дей Бин­го, ҚХР-дың Қазақстан Рес­пуб­ликасындағы Төтен­ше және өкілетті елшісі Чжоу Ли қатысты. Көрмеге ке­лушілер Қытай елінің көр­кемсурет өнерінде елеулі орын алатын ірі тұлғалардың «гохуа», «гохуа» мен «майлы бояу­дағы сурет» стильдерін араластыра отырып орында­ған туындыларын тамаша­ла­ды. Бұл суреттерде табиғи лан­дшафт пен пейзаж жан­ры, таулардың, құстардың, жануарлардың неше түрі бейнеленген. Осы күні ҚХР Халық­аралық қорының басшысы Чжан Дэгуан Қазақстанның бірнеше суретшісіне екі ел арасындағы достықтың белгісі ретінде Ақтоты Қол­қа­қызы, Лаура Оразбекова, Ма­рат Тоқсейтов, Қалиолла Ахметжанов, Сенбіғали Сма­ғұлов секілді белгілі қыл­қалам шеберлеріне кубок табыс етті. Ал К.Байсейтова атындағы Ұлттық опера және балет театры дирек­торының орынбасары Дүй­сен Мұсабеков пен Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінің дирек­торы Бақыт Серәлиев Қы­тайдың Ма Жунь, Чжон Лижэнь, Ван Гуаң, Яжэн Бэо, Дай Чао, Ма Вэй, Янь Шугуан сияқты суретшілерін дипломмен марапаттады. Бір айта кететін жәйт, көрме 15 маусымға дейін жал­ғасады. Осы күндері көр­меге келушілер   Марат Тұқ­сайы­тов, Төлеуғазы Байға­лиев, Қалиолла Ахметжанов, Владимир Проценко, Сенбіғали Смағұлов, Ерлан Айтуаров және басқа да та­нымал отан­дық суретшілер­дің шығар­ма­ларын да тамашалай алады. Дастан КЕНЖАЛИН.