• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
14 Маусым, 2011

Мерейтойлық мәжіліске қатысады

477 рет
көрсетілді

Кеше Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары Вла­димир Бобров бастаған делегация Брюссельде (Бельгия Корольдігі) өтетін «Қа­зақ­стан Республикасы – Еу­ропалық Одақ» Парламенттік ынтымақтастық коми­те­тінің 10-шы мерейтойлық мәжілісіне қатысуға аттанды. 14 маусым күні Еуропарламент депутаттарының және та­ны­мал еуропалық саясаткерлер мен іскерлік орта өкілдерінің қаты­суы­мен Қазақстан достарының Еуропалық клубының ашылуы жоспарланып отыр. 15 маусымда қазақстандық пар­ламентшілердің Еуропалық Пар­ламент басшылары мен саяси партиялар фракцияларының басшы­ла­ры­мен бірқатар кездесуі көзделген. Сол күні сондай-ақ «Қазақ­стан Республикасы – Еуропалық Одақ» Парламенттік ынтымақ­тас­тық комитетінің 10-шы ме­рейтойлық мәжілісі өз жұмысын бастайды. Қазақстандық және еуропалық парламентшілер: саясат, сауда-экономикалық және гу­манитарлық өзара ықпалдасудан бастап, адам құқығы мен ха­лықаралық деңгейде демократия­ның дамуы мәселелері, т.б. жағ­дайлар төңірегінде пікір алма­сатын болады. Қазақстандық және еуропалық парламентшілер «Қа­зақстан Республикасының ядро­лық әлем қауіпсіздігіне қосқан үлесі» деген тақырыпта өтетін дөңгелек үстелге қатысады. «ҚР – ЕО» Парламенттік ын­тымақтастық комитетінің мәжі­лісі өз жұмысын жалғастырып, соңында тараптар Қорытынды құ­жат қабылдайтын болады. Ар­тынан қазақстандық делегация Ипр қаласында болатын ядролық сынақтар құрбандарына арналған ескерткіштің ашылу салтанаты мен Бірінші және Екінші дүние­жүзілік соғыста қайтыс болған­дарға арналып берілетін отшашу рәсіміне қатысады. «Егемен-ақпарат».