• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
14 Маусым, 2011

Арнайы кеңес өтті

247 рет
көрсетілді

Премьер-Министрдің орын­басары Әсет Исекешев бас­та­ған депутаттар тобы  Шығыс Қа­зақстанда үш күн бойы даму институттарының басшы­ла­ры­мен жұмыс істеп, арнайы кеңес өткізді. Онда аймақтағы инвес­тициялық жобалардың жүзеге асырылуы мәселелері әңгімеге ар­қау болып, жаңа бағдар­лам­а­лар таныстырылды. Талқылауға 13 инвести­ция­лық жоба шығарылды. Әр жоба бойынша мемлекет тарапынан нақты қолдау көрсетудің шара­лары белгіленді. Айта кетер жәйт, бұл өңірде индус­трия­ландыру картасына енген 34 ин­вестиция­лық жоба жүзеге асы­рылуда. Шығыс Қазақстан облысы Президенттік үдемелі индустрия­лық-инновациялық бағдарламаны белсенді жүргізіп отырған өңір­дің бірі. Ағымдағы жылы құны 53 млрд. теңгені құрайтын 13 жобаны іске қосу жоспарлануда. Нәтижесінде, 2 мың тұрақты жұмыс орны құрылады. Кеңес басталардан бір күн бұрын үкіметтік комиссия де­пу­таттық корпуспен бірлесе отыра Семей мен Өскеменнің бірқатар кәсіпорындарын аралап көрді. Олар тек жұмыс жасап жатқан кәсіпорындармен ғана емес, тоқ­тап тұрған кәсіпорындармен де танысып, оларды қайта жандан­дыру алғышарттары талқыланды. Кейін индустриялық-инновация­лық дамуды құру жөніндегі үй­лестіру кеңесінің отырысында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев атап өткендей, аймақтағы жұмыс тобының ісі өте тиімді, құры­лымдық әрі кәсіби жүзеге асы­рылып, ал оны жүзеге асырудың ағымдағы проблемаларын жоюға көмектеседі. Аймақтағы  инвес­ти­циялық жобалардың жүзеге асы­рылуы жұмыстарына жоғары баға берген депутаттық топ та зор қолдау көрсетті. Әсет Исекешев өз сөзінде мұндай сапарларды елдің барлық өңірлерінде өткізу жоспарланып отырғандығын айтты. Қазіргі уа­қытта жұмыс тобы Алматы, Қа­рағанды, Павлодар және Қос­та­най облыстарында болып үлгерді. (ҚазАқпарат).