Қазақстанға мемлекеттік құжаттар аудармасының түпнұсқасына тура келуін қамтамасыз ететін бірыңғай лингвистикалық орталық қажет, деді Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Министрлер Кабинеті отырысының барысында.
«Депутаттар тарапынан орынды, үздіксіз жазғырулар жиі орын алады. Біздің өзіміздің ішімізде де аударманың түпнұсқаға сәйкес келмеуіне байланысты халықаралық келісімдерді де қосқанда қайта қол қоюға тура келеді, кейбір жобалар бойынша кідірістер болады», деді Кәрім Мәсімов Әділет министрі Рашид Түсіпбековке қарап.
Р.Түсіпбеков министрлікте тәртіп орнатылды, «соның арқасында барлық заң жобалары бойынша лингвистикалық сараптамалар жүргізілетін болады», деп түсіндірді.