• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
14 Маусым, 2011

Комитет ұсыныстары қаралды

288 рет
көрсетілді

Кеше Парламент Сенаты­ның Төрағасы Қайрат Мәмидің төрағалық етуімен болған палата бюросының отырысында Мәжіліс мақұлдаған заң жо­баларын одан әрі зерделеу үшін негізгі комитеттер белгіленді, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. «Қазақстан Республикасы мен Түрік Республикасы арасындағы Стратегиялық әріптестік туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасы Халықаралық қаты­настар, қорғаныс және қауіп­сіздік комитетіне берілді. Қаржы және бюджет комитетінде «Қар­жы нарықтарында капиталдың еркін қозғалысын қамтамасыз ету үшін жағдай жасау туралы келісімді ратификациялау тура­лы», «Қазақстан Республикасы­ның кейбір заңнамалық актілеріне сыртқы мемлекеттік қаржы­лық бақылауды жетілдіру мәсе­лелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасы­ның кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойын­ша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары бой­ынша жұмыстар жүргізілетін болды. Ал «Қазақстан Республика­сын­дағы арнайы экономикалық аймақтар туралы», «Қазақстан Рес­публикасының кейбір заңна­ма­лық актілеріне арнайы эконо­микалық аймақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толық­тырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының кей­бір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бой­ынша өзгерістер мен толық­ты­рулар енгізу туралы» заң жо­балары Экономикалық және өңірлік саясат комитетіне берілді. «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» заң жобасы Әлеуметтік саясат комитетіне, ал «Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың бірыңғай қағи­далары туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы Аграрлық мәселелер және қор­шаған ортаны қорғау комитетіне берілді. Бюро отырысында, сонымен бірге, палатаның 16 маусымда бо­латын кезекті жалпы отыры­сы­ның күн тәртібін белгілеу туралы комитеттердің ұсыныстары да тал­қыланды. Алдағы жалпы оты­рыста 2010 жылғы республика­лық бюджеттің атқарылуы ту­ралы Үкімет пен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің есебін талқылау көзделіп отыр.