• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
15 Маусым, 2011

Білім мен ғылым ешқашан өз құнын төмендетпейді

452 рет
көрсетілді

Қазіргі әлемнің көшбастаушысына ұмты­ла­тын жоғары оқу орындары еңбек нары­ғы­ның талаптарына сәйкес, теория мен тәжі­ри­бені қос өрімде пайдалануды таңдайды. Ежел­гі академиялық білім беру қазіргі өске­лең бәсекелестік жағдайында мамандар даярлауда қабілетсіз болып қалды. Осы орайда Қазақ ұлттық аграрлық университеті білім мен ғылымның түрлі бейінді инновациялық инфрақұрылым жасауды негізгі мақсат етіп, ғылыми инновациялық орталықтар агротехнопарктер және технополистер құрып, өнді­ріс пен ғылымды тығыз байла­ныстыруда. Бүгінгі таңда инновациялық аграрлық ғы­лым мен білім агро­өндірістік өнеркәсіпті дамытуда­ғы негізгі фактор болып отыр. Ал білімді де білікті мамандар жаңа технологиялар мен әдістер­ді игеріп, әрі қолдана біліп, жаңа идеяларды синтездейді, оларды іс жү­зінде иннова­ция­лық орта деңгейіне жеткізеді. Аграрлық саланың мамандарын даярлауда кәсіби шеберлігін кеңейтуде ғылыми және білім беру қызметін үйлесімді дамытуда біздің университет ғылыми ізденістердің өзектілігін өз болашағы деп біледі. Бүгінгі білікті ма­ман­дарды даярлауға білім мен тәжірибе дағ­дыларының қажеттілігі ғана емес, сонымен қатар әлемдік даму тенденциясын түсіну өс­ке­лең сыртқы ортаны бағдарлай білу және то­сын шешімдер қабылдай алу болып табылады. Таяуда ғана болып өткен «Инновациялық Қазақстан - 2020» аясында өткен Алматы форумында жаңа инновациялық саясат шең­берінде 5 негізгі басымды сала белгіленді. Осы форумда Мемлекет басшысы 2020 жыл­ға қарай Қазақстан инновациялық типтегі мемлекеттің барлық белгілері мен атри­буттары болу керектігін атап өтті. Оған тиімділікпен жету үшін инновацияның не екенін дәл түсіну қажет. Бұл жаңа технология өмір сапасын жақсартуға бағытталады және бұрынғы технологияның сапасымен салыс­тырғанда құны төмен болады. Қазақ ұлттық аграрлық университеті білім беру, ғылым және инновациялық ортадағы аграрлық индустриялық даму, осы салада елдермен бәсекелестікке едәуір әсер ететін негізгі ошағы болып табылады. Университет жа­һандық концорциумның мүшесі ретінде әлемнің 300-ден астам жоғары оқу орын­дарын біріктіретін және Орта Азиядағы аг­рарлық жоғары оқу орындарының қызметін үйлестіруші рөлін атқарады. Сонымен қатар Темпус, Эрамус Мундус, Болашақ, ЛОГО (LOGO), ФЕТ(FET) халық­ара­лық бағдарламалары арқылы акаде­мия­лық жинақтылықты дамыту бойынша және ЕСТS кредиттерді қайта есептеу жүйесін енгізуде еліміздегі базалық жоғары оқу орын­дарының бірі болып табылады. Университеттің сапа менеджменті жүйе­сі­нің ИСО 9001:2008 халықаралық стандартта­рына және Ұлттық институционалды аккредиттеуге сәйкес жоғары сапада мамандар даярлау және басқару жүйесін жетілдіру қайта сертификатталғанын дәлел­дей­ді. Қазіргі уа­қытта тағы да 20 бакалавриаттың және ма­гис­тра­туралық білім беру бағдарла­маларын халықаралық аккре­ди­тациялауға дайындық жүргі­зі­луде. Нарық қажеттілігіне және жұмыс беру­ші­лердің пікірлерін ескере отырып, класси­фи­каторға мынадай жаңа мамандықтар енгізілген: «Ауыл шаруашылығын энергия қуаты­мен қамтамасыз ету» және «Өсімдікті қорғау мен карантин». Бакалавриаттың 12, магис­тратураның – 16, PhD докторантураның – 14 мамандықтары бойынша мемлекеттік жал­пыға міндетті білім беру стандарты жасалды. 300-ден астам оқу бағдарламалары және пән­дердің элек­тивтік каталогтары жасалды. 200-ден астам оқулықтар мен оқу құралдары, он­ың ішінде 34 оқулық еліміздің Білім және ғы­лым ми­нис­трлігінің грифімен шығарылды. Университеттің «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында түрлі министрліктермен және ведомстволармен, ұлттық холдингтермен, корпорациялармен, ірі компаниялармен, қоғамдық бірлестіктермен тығыз байланыста. Бұл тәжірибе бітірушілерді жұмысқа орналастыру мәсе­ле­ле­рін тиімді шешуге және база практи­кала­рын кеңейту мен нығайтуға мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде «Агробілім» ассоци­а­ция­сы және Кіші академия аграрлық білім беру жүйесінде айтарлықтай жұмыстар атқаруда. Олар лицей-колледж-университет «өмір бойы оқуымен» принципін жүзеге асыруды қам­тамасыз етеді. Қашықтықтан оқыту орталығы барлық білім беру үдерістерін алдыңғы қатарлы білім беру ресурстары мен технологияларына тең дәрежеде пайдалануына қол жеткізеді. Тіл орталығы өзінің құрамына 3 мультимедиялық лингафондық кабинетін және оқытушылар мен білім алушыларға тілдік дайындығын кеңейтуге зор мүмкіндіктер жасайды. 2010-2014 жылдарға қабылданған Қазақ­стан­ның үдемелі индустриялық-инновация­лық даму мемлекеттік бағдарламасы елі­міз­дің экономикасын жедел дамыту және оның экспорттық әлеуетін кеңейтуге бағытталған. Бағдарламада ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу мен сақтау, өндірісті диверсификациялау, жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін жағ­дай жасау және инновациялық техноло­гияны кеңінен енгізуді дамыту бойынша бірнеше кешенді іс-шаралар қарастырылған. Еліміздің барлық облыстарында Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының 95 инвестициялық жоба бағдарламасына қатыса отырып, аграр­лық бейіндегі ғылыми-зерттеу инновация­лық ор­та­лығының қызметін тиімді жүргізуде ҚазҰАУ ауыл шаруашылығының дамуын және елі­міз­дің азық-түлік қауіпсіздігін қам­та­масыз етеді. Таяуда Астанада өткен VІІ Дүниежүзілік Ислам экономикалық форумында экономика саласындағы негізгі тақырыптар қаралды. Ислам банкі Қазақстанның фермерлік ша­руа­шылығын қолдау және дамытуға 10 млн. АҚШ долларын бөлуге шешім қабылдады. Одан басқа түрлі елдердің кәсіпкерлері өз бизнестерін дамыту мәселелерін және елдер мен компаниялардың қарым-қатынасын тал­қы­лады. Оның ішінде жастар арасындағы кәсіп­керлікті дамытуда тиімді алғышарттар жасалды. Сөз ретіне қарай айта кетелік, Қа­зақстандағы фермерлердің жоғары мектебі біздің университетте ғана бар. Ол Экстенш жүйесін белсенді дамытуға, ауылшаруа­шы­лық тауар өндірушілер мен фермерлерге кешенді ақпараттық, маркетингтік, құқықтық және консультациялық қызметтерді жүзеге асыруға көмек көрсетеді. Фермерлердің жо­ғары мектебі мамандардың біліктілігін арт­тыру мен даярлау бағдарламасында фермерлік шаруашылықтарда өндірістік-кәсіпкерлік қызметтермен ғылым және білім беруді тығыз интеграциялауын қамтамасыз етеді. Университет аграрлық ғылыми-өндірістік концорциумының құрылуының бастама жасап, аграрлық сала үшін кадрлар даярлауды жүзеге асыратын көптеген ғылыми-зерттеу институттарымен, жоғары оқу орындарымен және колледждермен тығыз байланыс орнат­ты. Бұлар өз кезегінде патенттерді, қорғалған диссертацияларды және ғылыми-зерттеу жұ­мыстарын қаржыландырып, оларды ұлғай­туға мүмкіндік берді. Солардың базасында ғылыми идеяларды және бизнес-құрылымдар арқылы инновациялық қызметті жүзеге асы­руда коммерциализациялау моделі жасалды. 2010 жылдың қараша айында Елбасы Н.Ә.Назарбаев біздің университеттің білім беру мен ғылым саласындағы жетістіктермен жан-жақты танысып, ауылшаруашылық өн­дірісіне ғылыми жетістіктерді ендіру және ғылыми-педагогикалық кадрлардың иннова­ция­лық қыз­мет­тегі деңгейін жоғары атап өт­ті. Мұндай үлкен баға университеттің зерт­теу­шілік мәр­те­бесіне табысқа жетуіне жаңа мақ­саттар мен міндеттер қойды және елім­із­дің аграрлық саласының жаңа интеллек­ту­ал­ды мамандар буынының қалыптасуына нақты көмегін тигізді. Алдағы уақытта біз осы сенім үдесінен шығу үшін бар күш-жігерімізді жұмсаудамыз. Тілектес ЕСПОЛОВ, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры, ҚР ҰҒА академигі. Алматы.