• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
15 Маусым, 2011

Әлеуметтік дүкен «Аяулы алақан» аталады

430 рет
көрсетілді

Облыстық «Іскер әйелдер» ас­со­циациясы мен «Аналар» қоғамы­ның бастауымен облыс орталығын­дағы «Қызылжар» коммуналдық ба­зарында  «Аяулы алақан» әлеу­мет­тік дүкені жұмыс істей бастады. Игі шара  көп балалы және аз қамтыл­ған отбасыларға материал­дық қол­дау жасауды діттейді. Об­лыста ал­ғаш рет ашылған мұндай сауда нүк­тесі негізінен  төрт және одан да көп ба­лалы отбасыларға қызмет етіп, киім-кешектер мен күнделікті қа­жет­ті тұрмыстық заттарды тегін үлестіреді. – Біздің ұсынысымыз  қала­лық әкімдік, жұмыспен қамту және  әлеуметтік бағдарламалар де­пар­таменті тарапынан қолдау тауып, іскер жандар мен қайырымды адамдар көмектесті. Алдағы уа­қыт­та игілікті істі аудан орта­лық­тарында да жалғастыру­ды көздеп отырмыз, – дейді ассоциация төрайымы Бақытжан Сәмиева. Өмір ЕСҚАЛИ, Солтүстік Қазақстан облысы.