• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
16 Маусым, 2011

Люкс вагонның «люкс» емес қызметі

390 рет
көрсетілді

Жұмыс бабымен іссапарда жиі боламыз. Көлігіміз – пойыз. Сапар алыс болғандықтан, жатар ор­ның­ның жай­лы болмағын алдын ала қам­дай­сың. Бұл ретте де солай бол­ды. Шым­кент шаһарына бару үшін Астана-Сарыағаш бағы­тына жүре­тін №86 пойыздың 8-ші люкс ва­го­нынан орын бұйырыпты. Бұл үст­і­міздегі жылдың 22 мамыры бола­тын. Пойыз сағат таңғы 6-дан 05 минөт өткенде Астана вокзалының перронынан жылжыды. Жазды күні пойыз іші­нің ыстық болатыны белгілі. Әдетте люкс вагондарда кондиционер істеп тұру­шы еді. Сөйтсек, біз мінген вагонда ол нәрсеңіз істемейді екен. Жол­серіктен шай сұрадық, ол да жоқ. Қант сұрадық, ол да жоқ. Тым құрыса қай­н­ап тұрған қара судан ішіп, та­мақ жібітейік десек, ыдыс та жоқ екен. Осы жерде есімізге еріксіз анекдот түсе кетті. Бір кісі дүкенге келіпті. «Ет бар ма?», деп сұрапты. «Жоқ». «Сүт бар ма?». «Жоқ». «Нан бар ма?». «Жоқ». «Тұз бар ма?». «Жоқ». «Сонда, бұл дүкенде не бар?» депті күйіп кеткен әлгі кісі. «Ештеңе жоқ, есік жауып кетейін десем, құлып та жоқ» деп жауап берген екен дүкенші. Люкс вагоныңыздың жағдайы да құдды сондай. Ештеңе жоқ. Құжат бойынша өткен жылдың соңында ғана жөндеуден өткен, бірақ бүгінгі күні алқам-салқам болған сорлы вагон күндердің күнінде электро­воз­дың сүйреуіне шыдамай шашылып қала­тын сияқты. Билет құны удай люкс вагонның «люкс» емес қызметі осындай. Шарафаддин ӘМІР.