Астанада Вена құжаты бойынша 1999 жылғы қауіпсіздік пен сенімді нығайту шаралары бойынша келісімге байланысты ҰҚШҰ көлеміндегі әскери-саяси міндеттерді жүзеге асыру туралы кезекті халықаралық оқу курсы аяқталды.
Бұл шараға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан, Армения, Әзірбайжан және Грузия республикаларының әскери-дипломатиялық өкілдері қатысты. Оқытушылар ретінде ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер Верификация орталықтарының сарапшылары (Беларусь, Ұлыбритания, Германия және Франция) дәріс берді.
Курстың мақсаты Вена құжатындағы инспекциялық ақпараттық қызметтің әскерлерге қатысты тұстарын, сондай-ақ оның ең басты ережелерін оқып-үйрену болып табылады.
Курстың теориялық бөлімі оқытылып болған соң, астаналық 68665 әскери бөлімі базасында практикалық оқу инспекциясы өткізілді.
Оксана ПАРПУРА.