• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
16 Маусым, 2011

Мәжіліс- БҰҰ: Орталық Азия – қауіпсіздік, тұрақтылық, заңдылық

322 рет
көрсетілді

Кеше Қазақстан Республи­касы Парламенті  Мәжілісі Төр­ағасының орынбасары Жәнібек Кәрібжанов БҰҰ-ның Орталық Азиядағы превентивті дипломатия жөніндегі аймақтық ор­та­лығының басшысы Мирослав Енчамен кездесті, деп ха­бар­лады Мәжілістің баспасөз қызметі. Мейман  парламентшіні Қа­зақ­стан­ның Шанхай ынтымақтас­тық ұйымына төрағалығының та­бысты   болуымен және Ұйым­ның Астанада мерейтойлық Сам­митінің  өтуі­мен құттықтады. Осы жетістіктердегі Пре­зидент Нұрсұлтан Назар­баев­тың айрықша еңбегін атап өтті. Мәжіліс Төрағасының орын­ба­сары өз кезегінде Шанхай ын­ты­мақтастық ұйымын құруға  негізгі бастамашы болған Қазақстан басшысы екендігін мәлімдеді. Тараптар кездесуде БҰҰ мен ШЫҰ-ның өзара қарым-қатынасы мен Орталық Азия аймағындағы ынтымақтастығының өрістеу мә­се­лелеріне де тоқталды.