2011 жылғы 15 маусым №48/81 Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының
2011 жылғы 19 тамызға тағайындалған сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының 2011 жылғы 19 тамызға тағайындалған сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары (бұдан әрі – Күнтізбелік жоспар) бекітілсін. 2. Күнтізбелік жоспар Астана және Алматы қалалық, облыстық сайлау комиссияларына сайлауды өткізуді қамтамасыз ету үшін жіберілсін. 3. Күнтізбелік жоспар бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын. Төраға Қ.ТҰРҒАНҚҰЛОВ. Хатшы Б.МЕЛДЕШОВ. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2011 жылғы 15 маусымдағы № 48/81 қаулысымен бекітілген 2011 жылғы 19 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары 1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарды ұсыну. Астана және Алматы қалалық, облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттар мен азаматтар өзін-өзі ұсыну жолымен. Сайлау тағайындалғаннан кейін келесі күні – 2011 жылғы 16 маусымда басталады және сайлау өткізілетін күнге бір ай қалғанда – 2011 жылғы 19 шілдеде аяқталады. (71-б. 1, 2-т.т.) 2. Бұқаралық ақпарат құралдарында Астана және Алматы қалалық, облыстық сайлау комиссияларының құрамын жариялау. Астана және Алматы қалалық, облыстық сайлау комиссиялары. Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен – 2011 жылғы 25 маусымнан кешіктірмей. (13-б. 4-т.) 3. Таңдаушылардың тізімдерін жасау. Астана және Алматы қалалық, облыстық сайлау комиссиялары тиісті Астана және Алматы қалалық, облыстық мәслихаттар хатшыларының ұсынуы бойынша. (24-б. 9-т., 25-б. 2, 3-т.т.) 4. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат ретінде ұсыну жөніндегі шешімді кандидаттың өзіне, сондай-ақ шешімді, кандидаттың дауысқа түсуге келісімі туралы өтінішімен қоса, Астана және Алматы қалалық, облыстық сайлау комиссияларына жеткізу. Астана және Алматы қалалық, облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттар. (71-б. 4-т.) 5. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттың Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңында қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау. Астана және Алматы қалалық, облыстық сайлау комиссиялары. Үш күн ішінде. (4-б., 70-б., 71-б. 3, 6-т.т.) 6. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттың сенім білдірілген адамдарын тіркеу және тиісті куәліктер беру. Астана және Алматы қалалық, облыстық сайлау комиссиялары. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттың Қазақстан Республикасының Конституциясы мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңында қойылатын талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап сайлау науқаны аяқталғанға дейін. (14-б. 5) т-ша, 31-б.) 7. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарға таңдаушылардың қолын жинау үшін қол қою парақтарын дайындау және беру. Астана және Алматы қалалық, облыстық сайлау комиссиялары. Кандидаттың Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңында қойылатын талаптарға сәйкестігін тексеру аяқталған күннен бастап үш күндік мерзім ішінде. (71-б. 6-т.) 8. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидатты қолдап жиналған қолдардың растығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу. Астана және Алматы қалалық, облыстық сайлау комиссиялары. Астана және Алматы қалалық, облыстық сайлау комиссияларына оларды тапсырғаннан кейін бес күндік мерзім ішінде. (72-б. 6-т.) 9. Тұрғылықты жері бойынша салық органдарына 2011 жылғы маусымның бiрiне Қазақстан Республикасының уәкiлетті мемлекеттік органы белгiлеген тәртіппен және нысанда табысы және мүлкі туралы декларациялар ұсыну. Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы). Кандидат тiркелгенге дейін. (73-б. 2-т.) 10. Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) жариялаған табысы және мүлкі туралы мәлiметтердiң растығын тексеру. Салық қызметі органдары. Кандидат тіркелген күннен бастап он бес күн ішiнде. (73-б. 2-т.) 11. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарды тіркеу және әрқайсысына тиісті куәлік беру. Астана және Алматы қалалық, облыстық сайлау комиссиялары. Барлық қажетті құжаттар алынғаннан кейін басталады және сайлау күніне кемінде жиырма күн қалғанда – 2011 жылғы 29 шілдеде аяқталады. (14-б. 5) т-ша, 73-б.) 12. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. Астана және Алматы қалалық, облыстық сайлау комиссиялары. Кандидатты тіркегеннен кейін жетінші күннен кешіктірмей. (14-б. 5) т-ша, 73-б. 6-т. 2) т-ша) 13. Кандидаттардың сайлау қорларын тiркеу. Кандидат Астана және Алматы қалалық, облыстық сайлау комиссияларына өтініш жасаған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде (Ортсайлаукомның 2010 жылғы 19 тамыздағы № 7/8 қаулысы). (34-б. 2-т.) 14. Кандидаттардың сайлау қорларының арнаулы уақытша шоттарын ашу. Астана және Алматы қалалық, облыстық сайлау комиссиялары. Кандидат тіркелгеннен кейін. (34-б. 6-т.) 15. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу. Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады (2011 жылғы 30 шілдеде басталады және 17 тамызда сағат 24-те аяқталады) (27-б. 2-т.) 16. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау жөніндегі таңдаушылардың тізімдерін жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау арқылы таныстыруға ұсыну. Астана және Алматы қалалық, облыстық сайлау комиссиялары. Сайлауға дейін кемінде жеті күн қалғанда – 2011 жылғы 11 тамыздан кешіктірмей. (26-б. 2-т.) 17. Дауыс беруге арналған пунктті ашу. Астана және Алматы қалалық, облыстық сайлау комиссиялары. Дауыс беру басталғанға дейін бір сағат бұрын. (40-б. 2, 4-т.т.) 18. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау жөнінде дауыс беруді өткізу. Сенат депутаттарын сайлау жөніндегі дауыстарды санау және дауыс беру нәтижелерін жариялау. Астана және Алматы қалалық, облыстық сайлау комиссиялары. Бір күннің ішінде. (38-б. 4-т., 41-б. 1-5,9 т.т., 42-б., 43-б. 2, 4, 5, 7, 7-1, 9-т.т., 77-б., 78-б.) 19. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау жөніндегі таңдаушылардың бірлескен отырысының хаттамасын жасау және оны тиісінше Астана және Алматы қалалық, облыстық сайлау комиссиясына тапсыру. Тиісті мәслихат хатшысы. (77-б. 7-т.) 20. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау жөніндегі дауыстарды санау нәтижелері туралы хаттаманы жасау және Ортсайлаукомға ұсыну. Астана және Алматы қалалық, облыстық сайлау комиссиялары. Сайлау өткізілген күннен бастап екі күндік мерзімнен асырмай – 2011 жылғы 20 тамыздан кешіктірмей. (14-б. 5) т-ша, 78-б.) 21. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлаудың қорытындыларын анықтау. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы. Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күндік мерзімнен – 2011 жылғы 25 тамыздан кешіктірмей. (12-б. 10) т-ша, 44-б. 1-т., 81-б.) 22. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлаудың қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы. Сайлау өткізілген күннен бастап он күннен – 2011 жылғы 28 тамыздан кешіктірмей. (12-б. 10) т-ша, 44-б. 4, 5-т.т.) 23. Кандидаттардың сайлау қорларына келiп түскен ақшаның жалпы сомасы және оның көздері туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. Астана және Алматы қалалық, облыстық сайлау комиссиялары. Сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейiн он күн ішінде – 2011 жылғы 7 қыркүйектен кешіктірмей. (34-б. 4-т.) 24. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының сайланған депутаттарын тіркеу, тиісті куәлiк пен белгiленген үлгiдегi омырауға тағатын белгi тапсыру. Орталық сайлау комиссиясы. (45-б., 46-б. 2-т., 82-б.) Ескертпе: күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.