• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
17 Маусым, 2011

Ұйымдасқан қылмыстық топ жазасын тартпақ

525 рет
көрсетілді

Алматыда «Нұрбанк» АҚ-тың топ-менеджерлері Жолдас Темірәлиев пен Айбар Хасеновті қасақана өлтіру фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеу нәтижелеріне арналған баспасөз мәсли­хаты болып өтті. Ішкі істер министрлігінің Алматы қаласын­дағы өкілдігінің ғимаратында өткен жиынға Бас прокура­тураның Тергеу заңдылығын қадағалау және тергеу жүргізу департаментінің бастығы Нұрмұхан Исаев, ІІМ Тергеу комитеті басқармасының бастығы Гаши Машанло, Берлин медицина университеті «Шаритэ» құқықтық медицина институтының дирек­торы, профессор Михаэль Тсокос және басқалар қатысты. Жиында сөз алған Бас про­кура­тураның Тергеу заңдылығын қа­д­ағалау және тергеу жүргізу де­пар­­таментінің бастығы Нұрмұхан Исаев жиналғандарға құрамында Р.Әлиев, В.Кошляк және Қ.Әкім­құлов бар қыл­­мыстық топтың ұйымдасты­руы­­мен болған жантүршігерлік қыл­мыс және осы қылмыстық іске байланысты тергеу қорытынды­лары туралы жан-жақты баяндап берді. – Көпшілікке белгілі, «Нұр­банк­­­тің» топ-менеджерлері Ж.Те­мір­әлиев пен А.Хасеновтің мәйі­т­тері­нің табылғаны жөнінде баспа­сөз­де кеңінен жазылды. Бүгінгі басқосуда сол қылмыстық іске бай­ланысты жүргізілген тергеу жұ­мыстарының қорытындысын, яғни сараптама нә­тижелерін айт­пақ­пыз. 2007 жылдың 31 қаңта­рын­да Р.Әлиевтің, В.Кошляк­тің және Қ.Әкімқұловтың басшылы­ғын­дағы қылмыстық топтың мүше­лері сол банк басқарма төрағас­ы­ның бұ­рын­ғы орынбасары Ж.Те­мір­әлиев пен әкімшілік-шаруашы­лық бас­қар­масының бұрынғы бас­ты­ғы А.Хасеновті ұрлаған болатын. Міне, осы факт бойынша Ал­маты қалалық ІІД Қылмыстық кодекстің 125-бабының 3-бөлігі­мен (адам ұрлау) және 235-бабы­ның 1-бөлігімен (ұйымдасқан қыл­мыс­тық топ құру және оны басқару) көзделген қылмыс белгілері бо­йынша қылмыстық іс қоз­ғаған еді. Ал, енді бұл қыл­мыс­тық істі тергеу 2007 жылдың күзінде аяқ­талып, келер жылдың қаңтар айын­да Р.Әлиев, В.Кошляк, Қ.Әкім­­құлов және өзге де адамдар осы, сондай-ақ басқа да бірқатар қыл­мыс­тары үшін Алматы қаласы Ал­малы ау­дан­дық сотының үкімімен соттал­ғандығы баршаға мәлім. Адам ұрлау фактісін тергеу кезінде-ақ ҚК-нің 99-бабының 2-бөлігі­нің (қасақана адам өлтіру) белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Өйт­кені, сол кездің өзін­де тергеу орындарында жәбірлену­шілер қыл­мыскерлер құрбанды­ғы­на айналды деп ұйғаруына негіз болды. Қылмыс­тық қудалау орган­дары ұрланған­дардың қай жерде екендігін анық­тау ба­ғытындағы іс-шараларды төрт жыл бойы жал­ғастырды. Атап айтар­лы­ғы, жа­қын­да ғана, яғни 12 мамырда Ал­маты қаласының Ремизов шат­қалының жанынан Темір­әлиев пен Хасеновтің мәйіттері табылды, – деді Нұрмұхан Мол­да­лы­ұлы. Анығырақ айтқанда, олардың мәйіті Әл-Фараби даңғылы, 16 «б» мекен-жайында орналасқан «Қаз­теле­радио» АҚ қойма базасының бе­тонды қоршауынан шығысқа қа­рай он метр қашықтық шама­сын­да, құ­ры­лыс қоқыстарын төгуге ар­налған арнайы шұңқырда, үш-төрт метр тер­еңдікте темір бөшке­нің ішінен табылған. Сыйым­ды­лы­ғы 200 литрлік әк салынған темір бөшке­нің ішінен белгісіз адам­ның жар­ты­лай скелеттелген мәйіті шықты. Мәйіттің басындағы қара түсті тоқыма бас киімнің үсті­нен поли­этиленді пакет кигізіліп, мә­йіттің мойны желі сымымен тар­ты­­лып байланған. «Оқиға болған жерді одан әрі қарау кезінде ертеңіне, яғни 13 мамыр күні тағы да бір ішіне әк салынған 200 литр­лік темір бөшкенің ішінен белгісіз адамның жартылай скелеттелген мәйіті та­был­ды», деді өз сө­зін одан әрі жал­ғастырған Бас прокуратура өкілі Нұрмұхан Исаев. Ж.Те­мір­әлиев пен А.Ха­сенов­ті қатыгездікпен өл­тіру факті­сіне байланысты жүргі­зіл­ген тер­геу жұ­мыс­тары, сондай-ақ сот-дә­рі­герлік сараптама нәти­же­лері бір­қа­тар кү­мән­ді сейілтіп, ақиқаттың бетін аш­ты. Бас­пасөз мәс­лихатына қатыс­қан Нұрмұхан Исаев, Гаши Машанло, Михаэль Тсокос және басқалар ау­қым­ды әрі бұлтартпас нақты мәлі­меттерді жария етті. Сонымен, сала басшыларының айтуынша, тергеу жұ­­мыстары то­лық­тай аяқталған. Қыл­­­мыс­­кер­лерге ха­лықаралық іздеу жа­рия­­ланып, экстра­дицияға сұрау жолданған. Бақыт БАЛҒАРИНА, Алматы.